Ақиық ақын, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Ал...
Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды. Талқылаудан кейін Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын ҚР Білім және ғылым министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы қазіргі Көксу ауданында дүниеге келген.
1979 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің химия факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Алматы облысы Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәні мұғалімі болып бастаған.
1991 жылы - Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы болды.
1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті.
1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.
1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директоры қызметін атқарды. 1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс істеді.
1996 - 2002 жылдары Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары болып, 2002 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.
2007 жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып қайта тағайындалды.
2009 жылдың қазан айынан бастап, бүгінге дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болды.