ОҚО-да «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы басталды

РУХАНИЯТ
1730

ОҚО-да «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы басталдыФото:

Оңтүстік Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы басталды.

Жобаның аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Мархабат Байғұттың адами болмысы мен шығармашылық жолын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында «М.Байғұттың болмысын бағамдау» атты сырласу кеші өтті.

Кешке  әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Қ.Ергөбек, ақын Қ.Көмек, драматург С.Қасымбек, журналист Ш.Орынбай, М.Байғұттың отбасы мүшелері, кітапханашылар, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері, жалпы оқырман қауымы қатысты.

Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» Елба­сының ел болашағын баянды етуге бағыталған бағдарламасының ұлтымыз үшін аса маңыздылығы, өнегесі өрелі екендігі жайлы пайымды пікірлер мен тұжырымды ойлар ортаға салынды.

«Бұл менің шығармашылық кешім емес, бұл «Рухани жаңғыруды» зиялы қауым өкілдері арқылы насихаттауға арналған кеш. Егер сіз бен біздің рухани санамыз жаңғырмаса, онда біздің ұлт жойылады» – деді Мархабат Байғұт кеш соңында.

Демек, дара тұлғамен өткен кездесу кеш қатысушылар санасына сәуле түсіріп, рухани жаңғыруға қарай бағыт-бағдар берген кеш болды десек қателеспейміз.


author

Мархабат Байғұт

ЖАЗУШЫ

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...