Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережелері өзгертілді

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Көлік министрлігі Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін реттейтін қағидаларға өзгерістер енгізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жаңартылған нормаларға сәйкес, жеке тұлғалар үшін жол ақысын төлеу мерзімі ұзартылды. Енді жүргізушілерге төлем жасау үшін 30 күнтізбелік күн беріледі. Егер осы мерзімде төлем жасалмаса, 31-күні материалдар әрі қарай қарау үшін көліктік бақылау органдарына жолданады.

Бұған дейін тәртіп қатаңырақ болған: егер жол ақысы жеті күн ішінде төленбесе, сегізінші күні материалдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...