20 жастағы ер адам екі адамды балтамен шауып өлтірді

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
663

Иркутск облысының Чун ауданында тұратын 20 жастағы тұрғынға қатысты қос кісі өлтіру ісі бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тергеу органдарының мәліметінше, жиналған дәлелдер сот тарапынан айыптау үкімін шығаруға жеткілікті деп танылған. Жас жігіт өзге бір қылмысты жасыру мақсатында екі адамды өлтіргені үшін айыпталған бап бойынша сотталды.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың наурыз айында Кедровый кентінде болған. Айыпталушы мен жергілікті тұрғын арасында жеке араздық салдарынан жанжал туындаған. Ұрыс барысында күдікті қарсыласына балтамен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиғаның куәгері болған тағы бір адамды да ол қылмыстың ізін жасыру үшін өлтірген.

Алған бас-ми жарақаттарынан жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған. Жас жігітті полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстаған.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегі түзеу колониясында 16 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласына басқа өңірден келген ағайынды екі жігіт пәтер тонаумен айналысып жүр деген күдікке і...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимы...