Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың ескерткіші ашылды

ӘДЕБИЕТ
2179

Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбу Сәрсенбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.




Шараға Атырау қаласының тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, Әбу Сәрсенбаевтың туыстары қатысты. 

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ескерткіш облыс орталығындағы көрнекті жерлердің қатарын толықтыратынын атап өтті. - Мемлекет басшысының  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында аймақта ұлттық құндылықтарды дәріптеуге,  Каспий өңіріндегі тарихи тұлғаларды ұлықтауға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, - деді  Нұрлан Ноғаев. 

-Бүгінгі шара халқын сүйген,  туған жерін қастерлеген ақынға, жазушыға деген құрмет. Оның шығармаларындағы кейіпкерлер елдің,  қазақ халқының тағдырымен тікелей байланысты қарапайым адамдар болды. Тағдыр Әбу Сәрсенбаевпен таныс болу бақытын бұйыртқан адамдарға, шығармашылық мұрасын бүгінге дейін жеткізген туыстары мен жақындарына алғыс айтамыз. Осы шараға қатысып тұрған баршаңызды ақынның шығармашылық мұрасын зерттеуге, насихаттауға шақырамын. Ашылу салтанатында сөз алғандар Әбу Сәрсенбаевтың кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанын атап өтті. Оның шығармаларында балықшылар өмірі туралы көп айтылады. 

Ескерткіште жазушының тұтас тұлғасы мүсінделген,  биіктігі – 3,5 метр. 

Авторы -ҚР Суретшілер Одағының мүшесі,  мәдениет қайраткері  Айдархан Қалмаханов. 

Бақытгүл БАБАШ, 

«Egemen Qazaqstan» 

Атырау

author

Бақытгүл Бабаш

АҚЫН

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қазақстандық трансгендердің соққыға жығылған видеосы  тарады, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...