Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен 2021 жыл «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялануына байл...
Индустрия министрі Роман Скляр: «ҚАЗАҚ ТІЛІН АУЫЛҒА БАРЫП ҮЙРЕНДІМ»
2596
ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр Үкімет жиынында қазақ тілін жақсы меңгергенін көрсетті. Тіпті, өзіне дейін баяндама жасаған Ұлттық экономика министрінен қазақша әлдеқайда таза сөйлейтін Скляр Мемлекеттік тілді қайдан және қалай үйренгенін айтып берді.
– Мен алты жыл бойы ауылдағы туыстарыма жиі барып тұрдым, ауыл адамдарымен көп сөйлестім, арнайы тіл үйренбедім. Қазақшаны ауылда үйрендім, әйтпесе есейген жаста үйрене алмас едім. Өкінішке орай, Кеңес заманында мектепте қазақ тілі үйретілмеді… Бірақ, бәрібір қазір қазақ тілін білуім керек. Қазақшаны түсінемін, сөйлеймін, дегенмен әлі де жетілдіруім керек, – деді Скляр.