Монғолия - Қазақстан үшін алыс шетелдің бірі. Өйткені ол ел кеңес үкіметінің құрамында болмаған, сон...
Атырау өңірінде көрісу мейрамы қалай аталып өтпекші
Көрісу мейрамын атап өту аясында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына шаралар легі ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі дерегіне сүйеніп.
12 наурыз күні сағат 10-да облыстық халық шығармашылығы орталығында «Ойдағы ел қырдағы елмен амандасып» тақырыбында халықаралық айтыс басталады. Қазылар алқасының құрамында Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері бар.
13 наурыз күні сағат 15.00-де жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі - бата беруден республикалық байқау өтеді. Шара Құрманғазы мәдениет сарайында болады. Байқауға 17 батагөй қатысады.
14 наурыз сағат 11-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі басталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтетін халықаралық фестиваль аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі өтеді. «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым да шара жоспарында бар.