«БЕТІ ҚАЛЫҢ ЕКЕН…»

САЛТ-ДӘСТҮР
4397

Ұят болады! Әке-шешенің аузынан шыққан осы бір сөздің тереңіне үңіліп, мағынасын зерттеп жатпай-ақ, оның әлдебір жаман істерден сақтандыру екендігін кімде-кім бала кезден түйсініп өседі. Ұят – иманның қабы.

Жаратушы Алла әр пенденің қасиетін қондырғанда ұятын бетінің ұшына жайғастырған деген аңызды оқығаным бар. Содан болар, әлденеден ұялып қал­ғанда, бетіміздің ду етіп, қызара кететіні. Ұялмайтын адамдар туралы айтылатын «бетің қалың екен» деген сөздің де төркіні сонда жатса керек. Десек те, мен үшін бүгінгілердің ұят деген ұғым-түсінігі азайып бара жатқандай көрінеді.

Өзім куә болған бір оқиғаны баяндап берейін. Саябақта серуендеп жүргенімде, қарсы алдымнан кезіккен қазақ жігіті мен қаракөз бір-біріне жабысып алып сүйісіп тұр екен. Өткен-кеткен адамдар­дан еш қымсынбастан көшенің қақ ортасында жат қылық көрсетіп тұрған жастарға бір әжей таяп барды да, бірдеңе деді. Сонда қыздың: «Мы сами знаем, так что кому какое дело!», – деп баж ете қалған дөрекі дауысын анық естідім.

Бұл көріністен мен ұялып кеттім. Бейтаныс әжейден ұялдым.

Айтпақшы, қазір қазақ қыздары да денелеріне әлем-жәлем суреттер, яғни татуировка жасатып алатын болған. Бұрын түрмеден келгендердің үстінде татуировкалар болушы еді. Бұл бәлкім, «қалқам, ұят болады» деген сөздердің азайғандығынан шығар, ә?..

 

Әсел ЕРТАЙҚЫЗЫ,

«Тұран» университеті

Журналистика мамандығының

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...