Әдеби байқау жарияланды. Жүлде қоры - 2 600 000 теңге

Жаңалықтар
3798

«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕСІ


Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихы тереңге тамыр тартқан, Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру және Түркістан қаласының облыс орталығына айналуының 1 (бір) жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.


1. Жалпы ережелер

1.1. Байқау мерзімі 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығын қамтиды.
1.2. Байқау 2 (екі) жанр бойынша өткізіледі:
- Поэзия (өлең, өлеңдер топтамасы, баллада, поэма);
- Проза (эссе, әңгіме, повесть).

2. Байқау мақсаты мен шарттары:

2.1. Байқаудың мақсаты:



- Түркістанның мәртебесін көтеру;
- жас ұрпақ бойында төл тарихымызға деген қызығушылықты күшейту;
- ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттыру;
- жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу;
- жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;
- қазіргі қазақстандық авторлардың шығармашылықтарын дәріптеу.



2.1. Байқаудың шарттары:



- байқауға 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығында жолданған туындылар қатысады;
- байқауға республикамыздың барлық аймағынан кез-келген қаламгер қатыса алады;
- байқау қазақ тілінде өтеді және қатысушының жасына шек қойылмайды;
- байқауға қатысушы Түркістан қаласының тарихына (жер, су, тарихи орындар, тарихи тұлғаларға) қатысты аңыз-әңгіме мен деректер, тарихи оқиғалар бойынша жазылған шығармаларын ұсына алады;
- бір автор бір жанр бойынша ғана байқауға қатыса алады;


3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу мерзімі

3.1. Байқауды ұйымдастырушы – Түркістан облысының Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі;
3.2. Ұйымдастырушы комитет жауапты және жүзеге асырады:



- байқауды және ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- байқауға түскен шығармаларды сараптап, талапқа сай қабылдайды;
- байқауды ақпараттық қолдауды жүзеге асырады;
- Байқау барысы мен қорытындысын БАҚ-да жариялануымен айналысады;
- марапаттау салтанатын дайындайды және өткізеді.
- әрбір жанр бойынша қазылар алқасын тағайындап, шығармаларды саралайды.


 

3.3. Байқауға түскен шығармаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы ақын-жазушылардан, ғалымдардан, сыншылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралады.

4. Шығармаларды бағалау шарттары

4.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері:



- таңдалған шығармалардың байқау ережелеріне сәйкестігі;
- таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
- мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі;
- шығарманың көркемдік деңгейінің жоғары болуына, тарихи деректердің нақты және бұрмаланбауына назар аударылады
.


5. Қатысушыларды марапаттау

5.1. Қазылар шешімімен әр жанр бойынша үздік деп танылған шығармалар марапатталады.

 
Поэзия жанры бойынша:



• Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге
• 1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге
• 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге
• 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге
• Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден;



Проза жанры бойынша:


• Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге
• 1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге
• 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге
• 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге
• Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден.


5.2. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылы 19 маусым күні Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының 1 (бір) жылдығына орай Түркістан қаласында өткізіледі.

6. Жұмысты рәсімдеу талаптары

6.1. Байқауға шығармаларды қабылдау мерзімі: 2019 жылдың маусым айының 7-іне дейін. Шығарма мына электронды почта бойынша қабылданады: turkistan_baikay@mail.ru
6.2. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен жазылуы тиіс.
6.3. Поэзия аталымы бойынша шығарма көлемі – 16 беттен ( 1 баспа табақ), проза аталымы бойынша 25 беттен (1.5 баспа табақ) аспауы керек.
6.4. Жолданған шығарманың алғашқы бетіне жанр атауы жазылуы тиіс. Міндетті түрде мына төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:



- автордың толық аты, әкесінің аты және тегі;
- қысқаша шығармашылық өмірбаяны мен шығармалары;
- мекенжайы, байланыс телефоны;



6.5. Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.

Қосымша сұрақтар бойынша 87763093055 телефон нөміріне хабарласуға болады.