Көп балалы отбасының үйіне аяқ киімімен кірген шенді халықтың ашуына тиді (фото)

Жаңалықтар
1413

2018 жылдың 13 наурызы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған брі топ шенді Атырау облысына сапарлары барысында көп балалы отбасылардың үйін аралады. Әбдіқалықованың мұндағы мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен тұғындардың мұң-мұқтажын естіп, мүшкіл халдерін өз көзімен көру еді.

Көп балалы әйелдермен ҚР Еңбек және әлеуметті қорғау министрі Бердібек Сапарбаев та кездесті. Өз қиындығын  билікке жеткізген аналардың арманы орындалса дейміз. Алайда жақсылық жасамақ ниетпен көп балалы отбасылардың үйіне тікелей кірген шенділер тағы да халықтың сынына қалды. Оған дәлел мына сурет:

Суретті өз парақшасына салған әлеуметтік желі белсендісі Наталья Садықова бүй деді:

«Үкімет басшысының орынбасары халыққа өз аяғымен барыпты-мыс. Көп балалы отбасылар шенеунікті үйлеріне қуана кіргізді. Бірақ, Әбдіхалықова өзінің бренд аяқ киімін шешкісі келмепті, тіпті осындай жағдайда. Қараңыздаршы, көп балалы ана мен баласы жалаң аяқ, ал Әдіхалықова етігімен тұр.

Бәлкім, Әбдіхалықова ханымды көп балалы отбасылардың жағдайы алаңдатпайтын да шығар, бәлкім алаңдатар, кім білсін. Бірақ, кішкене болса да қарапайымдылық танытып қойсаңыздар қайтеді?! Халық бәріне куә».

Шенеуніктерден шаңырақты сыйлауды талап еткен халықтың ашуы қара қазандай. Оны төменде жазылған мына пікірлерден көре аласыздар.

Айта кетерлігі, шаңыраққа аяқ киімімен кіріп кеткен тек қана Әбдіқалықова емес, онымен еріп барған топ та жылтыраған етіктерімен тұр.

 Халық айтса, қалт айтпайды... Бұл суреттердің бергі жағы ғана. Ар жағындағы жағдай бізге беймәлім. Бәлкім, аяқ киімдерімен кіруге аналардың өзі қарсы болмаған шығар. Дегенмен, шаңырақты қадір тұтқан, киелі санаған қазақ оны «қорлағандарды» жерден алып, жерге салатын күйге жетеді. Бұл да соның кебі.

Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...