Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Күдікті жауап беру кезінде ай сайын қанша т...
Жасы 60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады
5065
Жасы алпыстан асқан Айжан Нұрмағамбетова q-поп жанрында ән орындауды армандайтынын айтты деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған "Мәдениет порталы".
Көпшілік "q-поптың анасы" санайтын әнші жаңа бағыттағы өнердің өзіне ұнайтынын жеткізді.
"Жаңашылдыққа менің жаным құмар. Өнер адамы үнемі солай болу керек. Ерекше стиль, әдемі әуен өнердің белгілі бір кереметі. Мен де "q-поп жанрында ән айтсам ба" деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта біз қандай ән айтқымыз келсе де өз қолымызда. Сондай уақыт. Не киіп, қалай жүреміз, бұл - бірінші кезекте өзіміздің таңдауымыз.
Q-попты әлем мойындаған. Мен де мойындаймын. Ел сахнасында осы жанрда жақсы ән айтып жүрген әншілер жетерлік", - дейді Айжан Нұрмағамбетова