Атырауда Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев атындағы жаңа ықшамаудан болады

Жаңалықтар
1859

Қаныш Сәтпаев атындағы орталық даңғыл бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленеді. Ал академик Қ. Сәтпаевтың есімі 25 мың пәтерден тұратын жаңа ықшамауданға беріледі, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Бүгін Атырау қалалық мәслихатының депутаттары облыс орталығындағы басты даңғылдың атауын ауыстыру бастамасын мақұлдады. Халық қалаулылары бұл бастама  Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қол жеткізген табыстарын болашақ ұрпақтың жадында сақтайтын тарихи қадам екенін атап өтті.

Айта кету керек,  Қ.Сәтпаевтың атына Атырау қаласы Талғайраң ауылы аумағында бой көтеретін жаңа ықшамаудан беріледі. Қазір 1400 га аумаққа 25 мың пәтерден тұратын 430 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ,  мұнда әлеуметтік нысандар - мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мешіттер, концерт залдары, саябақтар пен ипподромдар және тағы басқа нысандар салынады.

Биыл осы жоба аясында 1800 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады деген жоспар бар.

madeniportal.kz

Без категории

  Жаратушы құдірет, Сенің бар екендігіне шүбә келтірмеймін. Барсың! Жүрек түкпірінде... сана...

Жаңалықтар

Кавказ өңірінің көшбасшысына айналған Әзербайжан тағы бір істе өзге елдерге үлгі болуда. Соғыс салда...