"Алаңдаушылық білдірді": Руслан Өтепбай құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын айтты

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
221

Танымал журналист Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып Құндыз бен Назгүлдің жағдайын біліп қайтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Журналисттің сөзінше, қазіргі таңда апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүл Тараз қаласындағы қолдау орталығына орналастырылған.

"Соңғы күндері көп оқырман апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Соған орай арнайы Тараз қаласына барып, қос қарындасымның жағдайынан хабар алып қайттым.

Қазір қыздар Тараз қаласындағы арнайы орталықта ем қабылдап, сонда тұрып жатыр. Жағдайлары жақсы, көңіл-күйлері көтеріңкі. Орталықта оларға ем-дом жасалып қана қоймай, жатын орынмен де толық қамтамасыз етілген.

Қыздарды өз атыма рәсімдеп алайын деген ойым болды. Алайда бойдақ болғандықтан, құжат рәсімдеу барысында белгілі бір қиындықтар туындады.

Дегенмен ең бастысы апалы-сіңлі қазір қауіпсіз ортада, дәрігерлердің және мемлекеттің бақылауында. Ал мен дәл осылай ара-кідік жағдайларын білуге келіп тұрамын.

Қоштасарда Құндыз бен Назгүл:
«Біз үшін алаңдап жатқан барша қазақ еліне сәлем айтыңызшы», - деп өтінді.

Ағайын, тағдыр талқысында қалған осы қыздарға жанашыр болып, дұға жасап жүрген баршаңызға үлкен рақмет.
Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын", - деді Руслан Өтепбай.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елде көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілгені жайлы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев...