Оқушылар 6 млн теңгеге дейін біржолғы төлем ала алады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1339

Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет саласындағы заң жобасына өзгерістер енгізді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл өзгерістерде халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына біржолғы төлем тағайындау мәселесі қарастырылған.

Депутаттар дарынды балаларды қолдау мақсатында халықаралық ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткен оқушыларға біржолғы төлем енгізуді ұсынды.

Бұл байқаулардың жеңімпаздарына берілетін ең жоғары төлем мөлшері 6 миллион теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерді де марапаттау ұсынылған.

«Халықаралық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары Қазақстан үшін де маңызды екеніне сенімдіміз. Былтыр мынадай заң қабылдадық: халықаралық ғылыми жобаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсуге және «Болашақ» стипендиясына үміткер болуға мүмкіндік алды. Бүгін айтылып отырған норма - соңғы қадам», - деді Асхат Аймағамбетов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...