Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

Жаңалықтар
2115

Ерте таңнан бері «ЭКСПО» аумағына елорда тұрғындары ағылып жатыр. Астана Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Наурыз тойына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев наурыз мерекесі күні шағырақ көтерген елордалық жастарға ақ батасын берді.

Белгілі болғандай, бүгінгі мерекелік шара барысында 9 жұп үйлену тойын атап өтіп жатыр. 

Мемлекеттік органдар, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күш салуымен ЭКСПО аумағында 17 киіз үй тігілді. Наурыз мейрамын тойлау аясында қала тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрмеле кешені аумағында дәстүрлі этноауылмен қатар, бірнеше тақырыптық музей киіз үйлерді де көруіне болады, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, театрландырылған көріністерді, айтысты, қазақ эстрадасының жұлдыздары қойған концертті тамашалайды. Қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату, армрестлингтен дәстүрлі спорт сайыстары да ұйымдастырылады.

Елордада алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылды. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасып жатыр. Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан маңына жиналды.  Жалпы Наурыз мейрамының құрметіне Астанада 50-ге жуық киіз үй мен 10-нан артық алтыбақан орнатылады.


inform.kz

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...