Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл турады...
Төле би даңғылының Назарбаев деп өзгеруіне наразылық білдіріп жатыр
Тараз қаласындағы Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33-сессиясында мәлім болды.
Төле би даңғылының бойында ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, Мәңгілік ел монументі секілді бірқатар нысан бар. Оның ұзындығы 6 шақырымнан асады. Төле би даңғылының Назарбаев деп өзгеруіне байланысты "Мәдениет порталының" әлеуметтік желісіндегі парақшасында көптеген адамдар наразылық білдіріп жатыр. Мәселен, Даурен Мурзабаев деген оқырман: "Қара таудан "Елім-айлап" шұбырып ақ табан болып көшкенде, Төле би ұлы жүздің қазағын Таласпен Шу өзенінің жағасына апарып аман қалып еді... Халқының қамын жеген адам ескерусіз, нанын жегендер ескерілетін болды ғой... Надандық деген осы шығар. Көне Таразым Төле бабыңның атынанда айырылдың..." десе, Санак Камел атты қолданушы: "Неге Төле бидің атындағы көшені береді басқа бізге, тәуелсіздігіме, елдігімізге ешқандай қатысы жоқ кеңестік кезеңнен қалған көше аттары толып жатыр ғой солардың біреуін неге бермейді. Тағы бір қалада Қаныш Сәтбаев атындағы көшені беріпті бұларыңыз дұрыс емес қой!" деп ренішін білдірген. Пікірлер толастамай жазылып жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облысының атқамінерлері түсініктеме береді деп ойлаймыз.
madeniportal.kz