НӘРЕСТЕГЕ ҚЫРЫҚ КҮН НЕГЕ КЕРЕК?

САЛТ-ДӘСТҮР
7636

Жаңа ғана желіде танысқан бір қарындасым жеке парақшама шығып: "Аға, сіз Қызылордада тұрасыз ба? Сіздер жақта жаңа туған нəрестені қырқынан шықпай тұрғанда сыртқа алып шығып, басқа жақтарға қыдырта бере ме?" деп сұрапты. Мен, əрине, оған бұлай болмайтынын, мұның дұрыс еместігін айтып, жауап жаздым. Айтып отырса, қызы Қазалыға тұрмысқа шығыпты, бірақ күйеуімен бірге Ақтөбеде тұрады. Сол жас келіншек Қазалыға келіп, бұдан 20 күн бұрын осы қара шаңырақта босанады. Ал кеше енесі сол немересі қырқынан шықпай тұрып, оны анасымен бірге Ақтөбе облысының бір ауданына қыдырып қайтуға алып кетеді. Келіні бұған қарсылық білдірсе, "ештеңе етпейді" деп, еркіне қарамай əкетеді. Мұны естіген қыздың шешесі "мұнысы қалай?" деп ренжиді. Айтып отырса, құдағайы да тым жас емес екен. 62-де. "Осы жасына дейін баланы қырқынан шығармай, сыртқа да шығаруға болмайтынын білмегені ме?" деп қайран қалады. Оны құдағайдың өзіне айтайын десе, "ренжітіп аламын ба, қызыма зияным тиіп кетпей ме?" деп тағы бата алмайды.

Енді солай пүшайман жеп отыр.

Бұл оқиға бізді де таң қалдырды.

Мұндай жекелеген фактілер əр жерде əр уақта əр қалай жағдайда кездесіп қалып жүрген шығар. Бірақ жалпы қазақ үшін бұл жаппай үлгі емес.

Исі қазақ атам заманнан, тіпті есте жоқ ескі кезеңдерден жаңа туған нəрестені 40 күнге дейін үйден сыртқа қарыс қадам шығармай, бейсеубет ешкімнің көзіне көрсетпей, тығып ұстап келген. Тек қырық күн толғаннан кейін ғана оны қырқынан шығару үрдісін жасап, бесікке бөлейтін болған. Осы қырық күн бойы нəресте тұзды суға күнде шомылдырылып тұрған. Тұзды суға шомылдырудың да өзіндік процедурасы мен қажеттілігі бар. Тұз құрамындағы натрий баланың қанын қоюлатып, тұрақтылығын күшейтеді. Соның арқасында бала ширақ болып жетіледі, терісі төзімді болып бітіп, кейін кез келген жарақат тез жазылатын болып қалыптасады. Осы қырық күнде баланы мойны қатайып, басын өзі ұстап тұра алатын дəрежеге жетеді. Кейде мойны тез қатайған балаларды 32 күнде қырқынан шығару жағдайлары да кездеседі.

Қырық күндік бөлекше күтімде, үй жағдайында болмаған бала аурушаң болып шығады. Себебі, ол буыны бекімегесін сыртқы вирусты да тез қабылдайды. Бөтен адамның бəрі оған ауру қоздырғыш болып табылады. Осы қырық күнде нəрестенің анасы да біраз тазарып, өзінің қалпына келеді, күш жинап, қуаттанады.

Осының бəрін білмеген 62 жастағы қазалылық ене-əжеге қайран қалып, жағамды ұстап отырмын. Екі бірдей адамның - жаңа туған тұмса келіні мен əлі көзін де дұрыс ашып үлгермеген немересінің тағдырларын қыл үстіне салып, оларды қыстың көзі қырауда ит өлген жерге сүйрелеп əкеткен мұндай желікпе, желөкпе енеден не күтуге болады, мұндай мейірімсіз жаннан қандай тəлімгер шығар екен?

Тап осындай ойсыз адамды көргендеріңіз бар ма, айтыңыздаршы...

Сонда нəрестеге қырық күннің неге керек екенін де білмегені-ау жазғанның...

Обалдағы-ай...

Серік Пірназар

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...