Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров корона...
Нұр-Сұлтанда балалар инклюзивті театры жұмысын бастады
Нұр-Сұлтанда балалар инклюзивті театры жұмысын қайта бастады. Аутизм, сал ауруына шалдыққан, арнайы білімді қажет ететін балалар кәсіби сахнада өнер көрсететін болады. Бұл турал Dara қайырымдылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Мәдениет порталы" хабарлайды.
Өткен оқу жылында балалар актерлік шеберліктер шыңдаған болатын, ал биыл шотланд жазушысы Дж.М.Барридің ертегі желісімен жазылған, есейгісі келмейтін бала туралы баяндалатын «Питер Пен» пьесасын көрермен назарына ұсынды.
Репетиция барысында балалар мәтінді оқу және мимикамен жұмыс істеуге көп дайындалды, сонымен қатар бір-бірімен байланыс орнатуға тырысты. Ата-аналар мен мұғалімдердің айтуы бойынша, театрдағы дайындықтар балаларға жақсырақ сөйлеуді үйретумен қатар, өздерін сенімді әрі босаңқы сезінуге көмектеседі.
«Бүгін күптігей бір күн болды! Балалардың сахналық рөлі көңілімнен шықты. Олар сахнаға нағыз артіс сияқты шықты. Баламның рөлі үлкен рөл болмаса да, мен үшін үлкен көрсеткіш болды», - дейді № 83 мектеп оқушысы Айин Дуйсенованың анасы.
Театрымыздың әрбір қойылымы – шығармашылық, қарым-қатынас және шынайы талант ешқандай тосқауылды немесе шектеулерді білмейтінін дәлелдейді!
Жобаның мақсаты – инклюзивті білім беру қағидаларын дамытып, мүмкіндігі шектеулі балаларға тең мүмкіндіктер қоғамын құру. Инклюзивті балалар театры арқылы мүгедектігі бар балалардың таланы жоқ емес екенін дәлелдейді, тек сол талантты аша түсу үшін балалар арнайы қолдауға мұқтаж.
Балалардың өнерін көру үшін 80-нен астам адам келді.