“Ұлт тағдыры” қозғалысы ұсынған үміткер Әміржан Қосановты орталық сайлау комиссиясы кезе...
Сайлау: Е.Бәпи мен Ә.Қосановты халық қолдайды. Алайда...
Сөйтіп, "Жүрсін Ерман Президенттік сайлауға өзін өзі ұсынбақшы екен. Несі бар?!" деген жазбамызда айтқанымыздай «Нұр Отан» партяисы 9 маусымда өтетін Президент сайлауына өз үміткерін ұсынды.
Қалың бұқара Қасым-Жомарт Тоқаев пен қатар, Дариға Нұрсұлтанқызының да аты ұсыныла ма деп қауіптеніп еді, абырой болғанда партия бір ғана үміткер ұсынып, көңілімізді көншітті. Әрине, «нұрланған» қайраткердің жеңетініне жұрттың көзі анық жетіп отыр. Сөз жоқ, Қ.Тоқаевпен бәсекелесе алатын қазақтың азаматтары жоқ деуге тағы болмайды. Алайда, ондай азамттар тек әділ сайлау өтсе ғана текетіреске бара алуы мүмкін. Онсыз «баяғы жартас бір жартас» күйі қала бермек.
Жалпы, 9 маусымда өтетін сайлаудан бір жылымық сезгендей болғанымыз рас. Қалай болғанда да Қ.Тоқаев дипломат қой, тым өрескел заң бұзушылыққа жол бермес, әкімшілік ресурстарды пайдаланудың мөлшерін азайтар деген ойымыз болған. Үімітіміз де бар еді. Алайда, Алматы марафоны кезінде өз ұстанымдарын аңғартқан жастарды полицияның ұстап, соттың 15 күнге қамап қоюуы біздің елде әзірге ештеңе өзгермейтінін, дұрысы билік өзгеріске қарсы екенін аңғартты. Демек, ендігі өзгеріс бұқараның санасында орын алуы керек. Әрі бұл өзгерістің бүршіктеніп келе жатқаны да байқалады. Біз тек оның жедел түрде гүл жарғанын қалаймыз.
Айтпақшы, биылғы Президент сайлауына қазаққа танымал бірқатар тұлғалар түседі деген қауесет тарап жүр. Осы аптаның аяғында ЖСДП үміткер ретінде Ермұрат Бәпиді ұсынады деседі. Одан бөлек қоғамдық ұйымдардың біреуі Әміржан Қосановты да бәйгеге қоспақ екен. Әрине, биліктің өзіне ыңғайлап алған заң нормалары кедергі жасамаса, қос азамат та сайлауға түсіп, тіпті ел басқаруға қабілет-қарымдары жететін тұлғалар. Бұл екі азаматты да халық қолдайды. Алайда... Біздің пайымдауымызша бізідң саяси жүйеге «жаңа қан» керек. Бәлкім, сонда ғана елдің халі түзелетін шығар.
Ал, Қ.Тоқаев ештеңе өзгерте алмасы анық. Тіпті, оған ниет те танытпас. Елбасымен бірігіп атаулы әлеуметтік көмек туралы, азаматтарыдң жалақысына көтеру жайлы әңгіме айтып еді, бірақ Үкіметте ақша қаламған ба, әйтеуір жергілікті жерлерде бұл көмекті алғандардың қарасы аз. Кедергілер көп. «Хабар» мен «Қазақстан» арналары ғана «бәрі супер» деп жатыр. Демек, биліктегі қарттардың соңғы өтіріктері де әшекере болған жайы бар. Алдағы сайлауда тым болмағанда өтірік айтпайтын тұлға көргіміз келеді.
Жебе Жұман