Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасы өтеді

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1395

Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық «QAZBILIM» гранты беріледі.

Білім — таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы.

Қазбілім — қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл — Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау еді.

Алдағы оқу жылына да дәл осы үрдісті дамыту, сапалы білімді ТЕГІН беру мақсатында Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасын ұйымдастыруды жөн көрдік.

 

Қатысатын сыныпӨтетін пәніНәтижесіндеӨтетін уақыты
4-5 сыныпМатематика


Ағылшын тілі

НЗМ  — ге (НИШ) дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр


13:00-15:00

 

10 сыныпМатематикалық сауаттылық


Оқу сауаттылығы

Қазақстан тарихы

Нәтижесінде ҰБТ-ға дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр


9:00-11:00

❗ Олимпиадаға қатысу тегін. Грант саны қатысатын оқушылар санына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ескерту, алдын-ала тіркелу міндетті. Отбасы жағдайына байланысты грант үміткерлері құжат тапсыруы қажет.

Құжаттар тізімі:

  1. Туу туралы куәлік;
  2. Отбасы құрамы туралы анықтама;
  3. Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігі.

Олимпиада Республикалық «QAZBILIM» орталығының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтеді.

Біздің мекен-жай:

Nur-Sultan қаласы


Тәуелсіздік көшесі 47/1.

Тел: 8775 4318008.

 

Nur-Sultan қаласы


Сарыарқа даңғылы 31/2

Тел: 8701 5318008.

 

Алматы қаласы


Мамыр 4-шағын аудан 111г.

Тел: 8701 7318008.

 


Олимпиада қортындысы және грант иегерлерінің тізімі qazbilim.kz сайтында жарияланады.

Жаңалықтар

Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорда...

Жаңалықтар

Осы сағатқа еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей: БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен...