Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
645

Сәрсенбек Монтаев


Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық профессордың әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енгенін мәлімдеді. 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ы» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енген.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырды. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады.

Сәрсенбек Монтаев қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда нанотехнология мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

 ҚазАқпарат

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...