“Бензин шашқан”: Ер адам трамвайда отырған әйелді тірідей өртеп жіберді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2398

Гера қаласында белгісіз ер адам трамвайда 46 жастағы әйелге шабуыл жасап, үстіне бензин құйып өртеп жіберді, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасап.

Жолаушылар дереу арнайы түймені басып, көлікті тоқтатуға тырысқан. Сол сәтті пайдаланған қаскөй оқиға орнынан қашып кеткен.

Трамвай жүргізушісі жылдам әрекет етіп, өрт сөндіргіштің көмегімен жалынды сөндірген, алайда жәбірленуші ауыр күйік алған. Ол тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция бұл істі «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысында қаскөй мен жәбірленушінің бір-бірін танитыны немесе танымайтыны анықталатын болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...