«Былай болады деп күтпедік»: Джей Лоның командасы Қазақстаннан алған әсерін бөлісті (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2309

АҚШ-тан келген танымал орындаушының шығармашылық ұжымы Қазақстанға жасаған сапары барысында елдің ерекше қонақжайлығына, бай табиғатына және жергілікті халықтың мейірімділігіне тәнті болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Топ өкілдерінің бірі, Шэрон Янгблад есімді продюсер, сапар барысында алған әсерлерімен бөлісе отырып, қазақ халқының шынайы ықыласын, көрсетілген қызметтің сапасын және ауа райының қолайлылығын ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен қонақты шын жүректен қарсы алу дәстүрі шетелдік қонақтарды бірден баурап алған.

Сонымен қатар, отель қызметкерлерінің кәсібилігі мен жайлы жағдай жасауы олардың сапарын бұрын-соңды болмаған деңгейде есте қалдырған.

 

 
Посмотреть в Threads

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...