20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: Қарағандыда 70 жастағы зейнеткерді зорлап, өлтіріп кеткен

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
670

Қазақстанда 70 жастағы әйелді өлтіру және зорлау ісі 20 жылдан кейін ашылды, - деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыстық тергеу департаментінің бастығы Сергей Стихеевтің айтуынша, ІІМ өткен жылдардағы қылмыстарды ашу бойынша жұмыстарды күшейткен. Ол заманауи технологиялар мен мұрағат материалдарын қарау күдіктілерді көп жылдар өткеннен кейін де табуға көмектесетінін атап өтті. Стихеев осындай бір іс туралы айтып берді.

"2006 жылы Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасалды. Жетпіске таяған әйел дүкенге бара жатқан жолда қаңырап қалған ат қорасының жанынан өткен. Сол жерде оған белгісіз адам шабуыл жасап, зорлап, өлтірген. Оқиға орнында аз мөлшерде биологиялық іздер ғана қалған", - деді Стихеев.

Оның айтуынша, сол кездегі техникалық мүмкіндіктер бұл іздерді сәйкестендіруге жеткіліксіз болған. Қылмыс жылдар бойы ашылмай келген.

"Биыл жабдықтарымызды жаңарттық. Бұрынғы қылмыстардан қалған барлық биоматериалды қайтадан зерттеп, криминалистикалық есептер, соның ішінде ДНҚ базасымен салыстырдық. Нәтижесінде бір азамат анықталды. Қазір оның жасы 55-те", - деді департамент басшысы.

Күдікті қылмысын мойындаған. Ол қазіргі уақытта колонияда жазасын өтеп жатыр. Қосымша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Стихеевтің айтуынша, тиісті сақтау режимдері сақталса, дәлелдемелік материалдар 20–30 жылдан кейін де зерттеуге жарамды болады. Ол үшін температура мен ылғалдылықты бақылайтын арнайы сақтау камералары қолданылады.

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...