«Басына отырды»: оралдық жеткіншектер Батырханның құрметіне қойылған мүсінді әбден қорлады (ВИДЕО)

ӨСЕК-АЯҢ
3449

Олардың мүсінді әбден мазақ қылған сәті өткен-кеткендердің де ашуына тиген.

Жеткіншектер Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған «Джулия» мүсінін әбден қорлады,  деп жазады ibirzha.kz.

Олардың мүсінді әбден мазақ қылған сәті өткен-кеткендердің де ашуына тиген. 

Кадрда бір топ жасөспірімнің мүсіннің басына отырып, ерсі қылық жасаған сәті анық көрінеді. Осыған қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін барлығы жауапқа тартылмақ. Жеткіншектерді 3-10 АЕК көлеміндегі айыппұл не 10 күнге қамауға алу жазасы күтіп тұр. 

Айта кетейік, 2017 жылы Оралда орнатылған «Джулия» мүсіні Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған болатын.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы LRT-нің дауысы Карина Абдуллина болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Астанадағы LRT жү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлерінің жол ережесін бұзған «Audi» көлігін тоқтатқан...