Америка президенті Дональд Трамптың ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолияға саяхаты кезінде бір апта бойы...
Полицийге гүл сыйлаған қыз баланың суреті желідегілердің жүрегін елжіретті
Қазнетте қоршауда тұрған полицей қызметкеріне бақбақ гүлін сыйлаған бүлдіршіннің суреті таралып, желі қолданушыларының ықыласына бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл жағдайдың қалай болғанын, суреттің желіде қалай таралып кеткен қыз баланың анасы Саяжан Досжанова Facebook парақшасында әңгімелеп берді.
Ол 9 маусымды қызының "адамдарға үміт пен нұр сыйлаған" күн ретінде есте сақтап қалатынын айтады.
Саяжан жағымсыз, тіпті, көңілге тиетін пікірлердің де болғанын алға тартты. Оны "баласын митингіге апарған ессіз ана" деп атап немесе "хайп" жасап, атын шығарғысы келетінін де айтқандар болған.
Алайда желі қолданушысы жағдайдың тіпті басқаша болғанын айтты.
Жол жөнекей олар қоршауды көрген.
Алайда ол артқа шегінбеген. Оған қоса қоршау дәл оның үйінің аумағында тұрыпты.
Оның сөзінше, бүлдіршіннің жасы 2-де. Ол әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін білмейді.