Қытай жұртына қарасты Қашқария өңірінде қазақ атымен аталынатын елді-мекендер бар. Картаға ресми түр...
Ашаршылықтың «астары» мен «тысы»
Дүние жүзіндегі бірінші социалистік ел - жас КСРО тірлігінде небір қияметтер болды десек, соның бірі - 1921-жылдан басталып, 1933-жылмен аяқталған ашаршылық. Троцкий мен Сердловтың «ұрпақтары» солар бастап жасаған «қызыл қырғынды» түгелдей И.Сталинге аудара салғандарындай, «Ашаршылықты Сталин ұйымдастырды!» деп те күжілдеп жүр. Олар негізінен табиғаттың тарынуынан болатын аштық көптеген елді дағдартқанын және қайталанып та тұратынын ескеруді керек етпейді. Жаңа Ресейді 1921-жылы сұрапыл аштық жайлап, В.Лениннің барша жұртшылықтан көмек сұрап ашық хат жазғаны мәлім. Сол жанайқайға құлақ қойған біздің Арал балықшылары Волга бойындағы жұтаған жұртқа мыңдаған тонна балық жөнелтті. Ол ашаршылық Ресейдің 34 провинциясын қамтып, 5 мииилонға жуық адам көз жұмған. Сол жылғы және бергі жылдардағы аштық туралы жазғандар оның себебі: ұжымдастыру оң жүргізілмеді; астық дайындау бақыланбады; мал есебі қадағаланбады; ауыл-село халқы қуғындалды, ол үшін Совет үкіметі, Коммунистік партия, Сталин кінәлі дейді. Иә, ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көп жерде бейбастақ жүргізілгені рас. Ол жағдаят туралы ең алғашқы да құнды құжат - жазушы Михаил Шолоховтың 1933-жылы көкек айының 4-і күні И.Сталинге: «...Если все описанное мною заслуживает внимания ЦК, пошлите в Вешенский район доподлинных коммунистов, у которых хватило бы смелости, невзирая на лица, разоблачить всех, по чьей вине смертельно подорвано колхозное хозяйство района, которые по-настоящему бы расследовали и открыли не только всех тех, кто применял к колхозникам омерзительные “методы” пыток, избиений и надругательств, но и тех, кто вдохновлял на это. Обойти молчанием то, что в течение трех месяцев творилось в Вешенском и Верхне-Донском районах, нельзя. Только на Вас надежда», деп тұжырған батыл хаты.
Аталған аудандарды жұртшылықтың дабыл-тілегі бойынша үш ай аралаған М.Шолоховтың ол хатын оқысаң, төбе шашың тік тұрады. Колхозға қарсы жергілікті қаскүнем белсенділер жасаған айуандықта шек болмаған.
Жазушыға жауабында Сталин соншама сорақылықтың болып жатқанын дәлелдеп жазғаны үшін оған алғыс айтып, хат ізімен Шкирятов бастаған комиссия барып тексеру жүргізетінін ескерткен.
Хатынан кейін өміріне қауіп төнген Шолохов жасырынып, Мәскеуге қашып барып, Сталиннің қабылдауында болды. Сөйтіп, аштық буған Дон бойының жағдайын көзбе-көз баяндап, ауыр жағдайды оңдауға тиіс үкіметтік шаралардың белгіленуіне үлкен үлес қосты.
«Донның солтүстігіндегі аудандарда «колхозшылар талан-тараж жасап жатыр» деген жаламен колхозшыларды астықсыз қалдырған алаяқ басшы-қосшылардың айла-шарғыларын түбегейлі тексерген комиссияның деректері бойынша Кремль қатаң шара қолданды. Халықты аштыққа душар еткендер атылды» (М.Шолоховтың «Об истинном слове» мақаласынан).
Сол жолғы әңгіме соңында Сталин: - Михаил Александрович, үйіңізге қайтып баруға қорықпайсыз ба? - деп әзілдегенде Шолохов: - Иосиф Виссарионович, сіз қорғамайсыз ба? - депті.
...КСРО-да 1919-1922 және 1931-1933 жылдарғы аштықтан қырылған халық саны әлі де анықталған жоқ. Зерттеушілер аштыққа кінәлілердің бірі – Бүкілодақтық совет атқару комитетінің (БОАК) төрағасы Я.Свердлов деді (тарихшы И.Плотников жазғандай, шын аты-жөні – Ешуа-Соломон Мовшович. Одан Янкель Мираимович; Яков Михайлович Свердлов болған. Әкесі – Михаил Израилович Свердлов, шешесі – Елизавета Соломоновна).
Ресейдің белгілі тарихшы-жазушыларының бірегейі В.Шамбаровтың «Я.Свердлов. Оккультные корни Октябрьской революции» кітабынан үзінді:
«...1918-жылы мамыр айының 20-күні Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің жоспарлы мәжілісі күнтәртібіне «Советтердің деревнядағы міндеттері» мәселесі қойылып, комитеттің төрағасы Свердлов баяндама жасап, шаруаларға қатысты жаңа бағытты жария етті. Ол былай деді: «Біздің деревнядағы міндеттеріміз туралы мәселені қарауымыздың маңызы зор, біз онда не істеу керектің негізгі мақсатын көрсетуге тиіспіз... Біз қалалардағы ірі буржуазияны «өлтіре» алсақ та, деревняларда әлі де өйте алмай жүрміз... Сондықтан деревняда бір-біріне қарсы өшпенді екі топ жасау жайындағы аса маңызды міндетті шешіп, кедей көпшілікті кулактар әулетіне қарсы қоюымыз керек. Егер біз деревняны бітіспес жаулық пиғылдағы екі лагерьге бөле алсақ, егер араларына от салып, жақында ғана қалаларда болғандай азамат соғысын аша алсақ, егер деревня кедейлерін деревня кулактарына қарсы көтере алсақ, қалаларда істегенімізді деревняларда сонда ғана жүзеге асырамыз... Мен деревнядағы жұмысымызды жоғары деңгейде атқаратынымызға күмәнданбаймын!».
Свердловтың «Жер туралы декрет» қабылданған сол мәжілістегі сөзі деревняға, шаруаларға қарсы құтырық жорықтың басталғанын айғақтады.
Л.Троцкиймен ымы-жымы бір Свердлов Жер мәселесі жөніндегі Халық комиссары Середа екеуі БОАК нұсқауымен құрылған «Селошаруашылық коммуналары» мен «Кедейлер комитеттерінің» 1918-жылы желтоқсанның 11-күні өткен құрылтайында деревняға еселеп соққы берді. Коммунаның бағдарламасы толықтырылып: «Коммуна мүшелерінің барлық мүлкі ортаға салынып, өздері казармаларда тұруға тиіс. Жалақы болмайды. Тамақты коммунаның асханасында ішеді. Балалары ұжымдық тәрбие орындарына беріліп, сонда өз күндерін өздері көретін болады», делінді («Қазақстанда кіші Октябрь революциясын жасамай болмайды!» деп аттандаған Филипп Исаевич (Шая Ицикович) Голощёкин Свердловтың досы, қолшоқпары болыпты).
Ал сталиндік ұжымдастырудың талабында («Большая энциклопедия»): «...Колхозшылардың үй-жайлары, қора-қопсылары, құрал-саймандары, ұсақ малдары, үй іргесіндегі кәсіби жер телімі өзіндерінде қалдырылсын» делінген.
Халықты Совет өкіметіне қарсы қою үшін жер-жердегі троцкийшілдерге бай-кулактарды қолдағы байлықтарын қорғауға, билікке бағынбауға астыртын үгіттеу туралы нұсқау берілгені сөзсіз. Бұлай деу себебім: журналшы жолым басталған жылдары «ашаршылық», «халық жауы» туралы жазуды ойладым. Ол сұмдықтар жайында санқилы сөздерді мен де естіп өстім ғой. Жазуды ауылымыздың көнекөз, кәріқұлақ ақсақалдарымен әңгімелесуден бастадым. Бес қарт бар еді, солардан естігендерімнің түйіні былайша: «Колхоздастыру» жүргізіле бастаған 1931-жылдың жазында біздің ауылға жоғары жақтан «ұжымдастыруды қолдау насихатын жүргізу үшін» келген қаратаяқ қазақ жігіт жұртты жинатып, «Совет өкіметінің коллективизация саясаты халыққа жақсы болатыны жайында» құлшына сөйлейді де, жиналыстан кейін, іңірде, Жамабек байды және алты орташаруаны оңашалап алып, оларға: «Совет өкіметінің беті жаман! Мен мұны сіздерге ғана айтып отырмын, көпшілікке айтуға болмайды, сотталып кетемін. Бұл өкімет «колхоз болу дұрыс» деген алдаумен малдарыңды түгелдей тартып алып, ортаға салады. Өйткеніне көнбегендеріңді жер шетіндегі итжеккен деген, мұз басып жатқан айдалаға айдап сорлатады! Ол ол ма, дүние-мүліктеріңе қоса қатындарың мен қыздарыңды ортақ етіп алады! Сол қиянатты көре бастаған ауылдардағы есті адамдар мынау іргедегі Қытай деген жайлы елге жасырын көшіп кетіп жатыр. Сендер де сөйтіңдер, кеш қалып жүрмеңдер!» деп шошытқан. Жамабек байдың 300 шамалы жылқысы, 400-ге жуық қойы, 20 шақты сиыры бар екен, сол бірнеше күннен кейін жоқ болып кетіпті. Сөйтсе, малын алдына салып, жалшыларын алып, Қытайға түнделете жасырын өтіп кеткен екен... 31 үйлі ауылдың кедей-кепшік 19 үйі қалған да, басқалары Қытайға, Монголияға, Ресейге ауып кеткен, біраз малы барлардың кете алмағандары: «Сәбетке бұйырғанша, ит-құсқа бұйырсын!» деп, малдарын сай-салаға апарып қырып салған, өзенге тастап, ағызып жіберген. «Адамның тілінен аспандағы бұлт айналады» деген – сол. Советке іштей қарсы арандатушылар табиғаттың тарынуынан басталған ашаршылықты солайша асқындырыпты.
Сол бір зобалаң, алапат заманның өзім естіген осы шындығы «халық жауы» деп тұтқындалған Тұрар Рысқұловтың 1937-жылы шілде айының 3-і күні тергеуші Нейманның: «Директивы, которые Вы получили от Рыкова, Вы начали осуществлять?» деген сұрағына қайтарған жауабынан да көрінді. Ол жауап: «Да. Во-первых, в целях срыва коллективизации крестьянского хозяйства и сеяния недовольства среди масс населения против Советской власти, я от имени Рыкова предлагал организовать через кулацко-байские элементы ряд перегибов, особенно в отношении бедных и середняцких хозяйств. Я также предлагал организовать массовый убой скота, порчу семян, сельского хозяйства инвентаря. Я должен признать, что эти предложенные Рыковым мероприятия этой части проводились нами уже с конца 1919 года. Наша подрывная работа с сельским хозяйством продолжала развиваться по тем же линиям, которые были указаны Рыковым» (Болатбек Нәсенев, «Халық жаулары»).
А.Рыков Қазан революциясына қатысып, Ленинмен, Сталинмен бірге партиялық, үкіметтік жоғары басшылықта болса да, кейінде Троцкийді жақтаған. Т.Рысқұлов онымен Мәскеуде, КСРО Ұлттар істері халық комиссариатында бірге қызмет істеген.
Свердловтың да, Рыковтың да, олармен әмпей басқалардың да «нағыз революцияшыл» Троцкимен саяси ауа райына қарай ашық та, астыртын да кеңесіп жүргендері сөзсіз. Совет өкіметіне, халыққа қарсы зұлымдықтары үшін елден қуылған Троцкий Ресейдегі пиғылдастарына хат жазып, нұсқау беріп отырған. Мысалы, Дрейцерге жазған хатында былай депті:
«Қымбатты досым! Бүгінде біздің алдымызда мынадай міндет тұрғанын жеткізіп айт:
1.Сталин мен Ворошиловты құрту.
2.Армияда өзіміздің ұйымды көбейту.
3.Соғыс бола қалса, сасқалақтаушылық пен сәтсіздіктерді пайдаланып, билікті басып алу».
(Эфраим Дрейцер – Қызыл Армияның офицері, троцкийшіл саясатшы. Троцкийді күзету тобын жасап, соның командирі болған, - Ғ.Қ.)
Оңшыл троцкийшілдердің Совет басшылығындағы: Сталин, Ворошилов, Киров, Молотов, Менжинский, Куйбышев, Каганович пен Ждановты, сондай-ақ Горькийді өлтіру тізімі болған (Майкл Сейерс, Альберт Кан. «Тайная война против Советской России»).
Қастандықшыл Тройкийдің досы Свердловқа қай мәселеде, қандай «ақыл-кеңес» бергенін де білу қиын емес. Бұл екеуі туралы жазылған деректі кітаптар жеткілікті.
...1947-жылы, 6-сыныпта оқып жүргенімде, біздің үйге бір ағай келді. Әкем екеуі құшақтасып амандасты. Ол сол күні бізде қонды. Іңірде екеуі әңгімелесіп отырғандарында оның: «Қаба-ау, айтар бар ма, қиын болды... Совет өкіметіне жасалған қастандық қой... Бұл ауылда жетпіс алты жанның отыз екісі қалғанына шүкіршілік деуге болар. Қайыңдыда қырық бір жанның оны ғана қалды ғой...» дегенін естідім. Әкемнің жанында отырғанмын. Әкем: «Е, Жәке, ол ашаршылық қаншама түтінді өшіргенін кім білсін» деді. Екеуі сәл үнсіз отырды. Жәкесі сөзді жалғап: «Қаба, сол жолғы комиссияның мүшесі, бұйра шаш Тоқай ауданға қайтуға бет алғанымызда: - Ай, жолдастар, мен бір нәрсені түсіне алмадым. Біз болған үш ауылдың да орманы аң-құсқа толы, өзені балыққа толы, солай бола тұра аштан өлгендердің тым көп болғаны қалай? - деді. Құданың құдіреті, мен де солай ойлап, өзіме өзім іштей сол сұрақты қойып, жауабын тапқан сияқтанып отыр едім, Тоқайға: - Ей, Тоқа-ай, бала күнінен-ақ бай мен байшыкештің жалшы-малшысы болып, олар жасырын қашып кеткенде тотиып қала берген, аң-құс, балық аулауды кәсіп етпеген кедей қазақтар қайтсін, иә, обал болды, - дедім. Солай ғой, Қаба?» деді. Әкем: «Иә, обал болды. Көктен түскендей болған нәубетке не дауа, қайтейік?!» - деді налыс үнмен. Әкем Жәкесінің кім екенін маған ертеңінде айтты. 1934-жылдың жазында ауданнан екі қазақ, бір орыс - үш кісі комиссия келіп, біздің Ауылдық кеңеске қарасты үш ұжымшарда болған аштықтың себеп-салдарын тексеріпті. Жәмпейіс Құмаров солардың басшысы екен.
Соңғы жылдары «КСРО-да қолдан жасалған аштық («голодомор») болды» делініп жүр. Ол терминді Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде сөз еткен кісі – тәуелсіздік алған Украинаның президенті В. Ющенко. Ол әзірлетіп, қол қойған құжат қаралып, Украинада қолдан жасалған аштық болғаны БҰҰ бөлімі деңгейінде қуатталады. Оны әуелде Ресей де, Қазақстан да құптаған, бірақ, көп ұзамай, Ресей Федерациясының басшылары қойған қолдарынан бастартты. Өйткені «ол аштықтың жасалуына Советтік Ресей айыпты делінгенін мойындауы қате болыпты». Жалпы ашаршылық жайында: БҰҰ, Еуроодақ, ЮНЕСКО, басқа да халықаралық ұйымдардың негізгі құжаттарында «Украинадағы аштық қолдан жасалды» деген ресми ұйғарым жоқ көрінеді.
В.Шамбаровқа тағыда жүгінелік:
«...Советке және орысқа қарсы зұлымдық саясат Украинада туған жоқ. «Қолдан ашаршылық жасау» Үшінші рейхта, Геббельстің кеңсесінде ойдан шығарылды. Украина ұлтшылдарының шетауған екінші толқынындағылар Екінші дүниежүзілік соғыста гитлерлік Германия жағында болды да, неміс нәсілшілдерінің информациялық соғыс тәжірибесін үйрене бастады. Оларды британдық және американдық арнаулы қызмет орындары қолдады. Герман ұлтшылдарының бай тәжірибесі батыс «демократиясының» өкілдеріне өмірлік қажеттілік еді, өйткені олар да Жаңа Дүние жасауды көздеді. Сонымен, британдық белгілі барлаушы Роберт Конквест «советтік айуандық жүйені әшкерелеумен» айналысты. Ол 1947 – 1956 жылдары Информация-зерттеу орталығының Ми-6 бөлімінде (жалған ақпар тарату бөлімі) істеді де, одан кейін ресми жұмысты доғарып, Советке қарсы кәсіби «маман тарихшы» болуға кірісті. Американың Орталық барлау басқармасы оның әдеби қызметін бірден қолдап, соның нәтижесінде ол: «Власть и политика в СССР», «Советские депортации народов», «Советская национальная политика на практике» және басқа кітаптарды жазды. Оның атағын дабырайтқан негізгі кітабы 1968-жылы шыққан «Большой террор: Сталинские чистки 30-х» болды. Оның ойынша, Сталин билігі жасаған ашаршылықта 20 миллион адам өлген. Ол 1986-жылы «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» деген, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы кітабын шығарды.
Совет Одағына, орыс халқына жауыққан Конквест те, Мейс және басқалар да дәлел еткен «ғылыми тәсіл» Совет Одағының ішкі-сыртқы өшпенділері таратқан сан түрлі өсекті және орысқа қарсы А.Солженицын мен В.Гроссманның кітаптарын пайдалану болды. Х.Костюк, Д.Соловей, сияқты украиндық ұлтшылдардың шимайларын да ескерді. Солайша «қаруланған» Мейс американ Конгресінде Украинадағы қолдан жасалған аштықты зерттеу комиссисын құра алды, бірақ жолы болмады, зерттеуді әділ жүргізгендер өздеріне табыс етілген құжаттардың барлығы нақты дерексіз, құр ғана сөз, аты-жөнсіз жалақорлық екеніне көз жеткізді. Канадалық зерттеуші Дуглас Тоттл «Фальшивки, голод и фашизм: миф об украинском геноциде от Гитлера до Гарварда» деп атаған ғылыми кітабында Конквестің көпе-көрінеу пәлеқорлығын бастан-аяқ әшкерелеген.
Конквестер «Украинада қолдан жасалған аштықта» қырылғандар санын бірі 5 миллион десе, әрқайсысының «қиялы» әржаққа тартып, 25 миллионға дейін жеткізісті. Ал Украина мұрағаттарының сол жылдары жинақталған ресми деректерінде 1932-жылы 668 мың, 1933-жылы 1 миллион 309 мың адамның өлгені жазылған. Демек, жиыны 5 немесе 25 миллион емес, 2 миллион шамасы...
Украинада ашаршылық неліктен болды?
Аңызқұмарлар «астықтың болмағанынан» дегенді бетке ұстайды. Ресми дерек Украинада: 1930-жылы 1431,3 миллион пұт; 1931-жылы 1100 миллион пұт; 1932-жылы 918,8 мың пұт; 1933-жылы 1412,5 миллион пұт астық өндірілгенін, одан мемлекетке жоспарлы тапсырылғанды шығарып тастағанда, Украинаның 30 миллионға жуық халқының жан басына 1932-1933 жылдары орта есеппен 320-400 килограмнан айналған.
Ашаршылықты тиянақты зерттеушілер оның негізгі себебі табиғи қуаңшылықтың болуында деп тұжырым жасады. Мысалы, Ресейде астық шықпай қалған 1891-жылы 2 миллионға жуық, 1900-1903 жылдары – 3 миллион, 1911-жылы – 2 миллион адам өлгенін анықтады. Ресей – ауа райы аса құбылмалы аймақ.
Ал 1932-1933 жылдардағы ашаршылыққа «адамның қатысы» болғанын ешбір зерттеуші жоққа шығарған емес. Бірақ ол зобалаңға бір ғана Сталинді, Совет үкіметін кінәлі ету шындыққа жатпайды. Олар ашаршылықтың бетін қайтаруға мүмкін болған шараның бәрін қолданды. Бірақ жергілікті басшылық кереғарлық жасап отырған. Кейінде анықталғандай, одақтас республикалар партия ұйымдары хатшыларының көбі троцкий-свердловшылдар болыпты.
Совет үкіметі 1932-жылы мамыр айының 6-сы күні елде астық дайындау жоспарын төмендету жөнінде декрет жариялаған-ды. Конквест оны «білмепті» де, оның есесіне Ресейде 1918-1921 жылдардағы аштықта көшелерде, далада өліп жатқан адамдардың суреттерін «1932-1933 жылдардағы суреттер» деп беруді ұмытпапты.
Жалпы аштық сол жылдары КСРО-да ғана емес, дүние жүзінің бірнеше елінде: АҚШ, Польша, Румыния, Чехословакия, Испания, Венгрияда болыпты. Мысалы, 30-жылдары: Америка Құрама Штаттарында 6,5 миллион, Англияның өзі мен отарларында 7 миллион, Үндістанда 4 миллион адамның аштан өлгені туралы дерек бар...
Әу баста тройкийшіл болған, меніңше, сол пиғылын жылмақайлықпен жасырып өткен Н.Хрущевтың (бабасы – Перелмутр): - Сталин ашаршылықты әдейі ұйымдастарды, өзіне оң қарамаған халықтарды сөйтіп бағындырды; Сталин елдің, партияның өміріне қатысты өте маңызды мәселелердің көбін айлап ескермей, қарамай отыра беретін» деп лаққаны бар.
Біздің бүгінгі жазғыштарымыздың біреуі: Сталиннің орысша тәрбие алғанын, орысша жазғанын, орысша ойлағанын, өзін орыспын дегенін, тіпті түсті де орысша көргенін баяндап (сірә, екеуі бір төсекте ұйықтап, бір түсті бөліп көріп те жүрген-ау?!), Хрущевтың Сталинге қазақ халқы жайында «жанашырлық пікір айтқаны – ғажап дерек» етіпті. Ал ол лақпа «көсемнің жанашыршылығы» былай еді: «Мен Сталинге: - Қазақ халқының халы ауыр, аштан қырылу қаупі бар, - деп едім, ол: «Сол сары пәлекеттерден сөйтіп құтылмай болмайды» деді». Өзі дүлейлене атын қойған Целиноградқа келгенінде Хрущевтың көлгірсіп көйіткен көп өтірігінің көбігі – сол. Ал біздің жазғыш ол көкезу «көсемінің» сол 1932-жылы қайда, кім болғанын білуді керек етпепті. Керек етсе, Мәскеу қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, Қазақстанда болмаған, қазақты көрмеген Хрущевтің 1-хатшыдан аттап өтіп Сталинге барып, «қазақтардың адвокаты» болып сөйлей алмағанын білер еді. Ол кезде «Наш Никита Сергеевич» (Хрущевтің билігі жылдары жағымпаздар шығарған фильмнің аты) Мәскеудің асты-үстінен «халық жауларын» итше тіміскілеп іздеп, аласұра қара тізім жасаудан қолы босамай жүрген. Кейінгі ресми зерттеу деректері Хрущев Украин компартиясының басшысы, Мәскеу облыстық және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы жылдарында «халық жауларын әшкерелеуде» 1-орында болыпты. Оның әміріндегі «үштік соты» жиыны 220 мыңнан астам «жауды» тұтқындатып, оның төрттен бірін аттырған.
Биылғы – 2019-ншы – жылдың қаңтар айында біздің интернет-сайттардың бір-екеуінен Мирзоянды сағынып жүрген рухани шикілердің әлі де бар екенін байқадым. Жас мөлшері немереммен шамалас журналист жігіт (аты-жөнін атамай-ақ қояйын) Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық жайында айта отырып, Мирзоянды сонау бір ағаларынша «мырзажаншылап»: «...қолынан келсе, одан да көп жақсылық жасар еді» депті. «Одан да көп жақсылығы» немене екен? Ол бізге ондаған жемтіктесін жетектеп келмей, үйірлеген жылқы, табындаған сиыр, отарлаған қой айдап келіп пе? Әлде Голощекин – «қужақтың» астықты, сонша малды тығып тастап кеткенін естіп, іздеттіріп тауып, жинаттырып алып па?!. «Мырзажаншылдар» Кремльдің одақтас республикалар басшылығына кеңес беруі нәтижесінде бізге жан-жақтан аз-аздап болсын астық, мал жеткізіліп берілгенін «білмейді». Олар сол жылдары бізде әлі де болса аман, намысты Ағаларымыздың ұсынысымен, тікелей байланысымен Мәскеу құптап іске асқан кейбір игі істерді де – «Мырзажанның қамқорлығы» деседі. Ой-хой, әсіребілгіштік-ай!..
Қаражүрек Мирзоян, егер сұрқиялықтары үшін өзі тұтылып қалмағанда, иә, «одан да көп жақсылық жасап», тұтқындаттырған мен аттырғандарының санын еселеп көбейтер еді. Ол Қазақстанды билеп-төстеген кезінде 110 мың «халық жауын» тұтқындатып, оның 25 мыңын аттырғаны белгілі. Бұл цифрлардың да тиянақты емесіндей, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының саны да әлі нақтыланған жоқ. Біздің «зерттеушілер» 2,5 – 4 миллион қазақ аштан өлді десіп жүр.
Ресей империясында, 1897-жылғы халық санағында, Мұхаметжан Тынышбаевтың есебінше, Қазақстанда 6 миллион адам болған. Одан:
Елде аштықта көз жұмғандар – 1,7 миллион.
Қытай мен Монголияға ауып кеткендер – 1,2 миллионнан астам.
Іргелес республикаларға көшкендер – 795 мың.
Яғни елде қалған халық – 2 миллион 305 мың.
Қазақ ССР Халық-шаруашылық есеп басқармасының мәліметі бойынша, 1936-жылы республика халқының саны 3,3 милионға жеткен (ол ауып кеткендердің аман-есен қайтып оралғандары және ішкі өсім есебінен жиынтықталған болар).
Бізде сол 1932-1933 жылдарғы ашаршылықта, 1937-1938 жылдарғы зобалаңда, 1941-1945 жылдарғы соғыста қанша қазақстандықтың, оның ішінде қанша қазақтың құрбан болғаны анықталған дерек әзірше жоқ. Айтып, жазып жүргендеріміз әрқилы. Пәлен тарихшының, түглен ғалымның зерттеу еңбектерінен аламыз да, «орта есеппен» тарта береміз.
АҚШ Орталық барлау басқармасының Совет Одағына айтақтаған жалдамалы жазғышы болған Конквестің әшкереленуі «қолдан жасалған аштық» деуді жоққа шығармақ емес. Ал кімдер жасады дегенде, соңғы жылдары әдетке айналғандай, Совет үкіметін, И. Сталинді айыптай жөнелеміз, Троцкий мен Свердловты аузымызға алмаймыз. Ашаршылықтың «тысы» қайсы, «астары» қайсы, оны ажыруға құлық жоқ.
Сионистер аспандата мадақтап, кейде Лениннен де жоғары қойып жүрген Свердлов халықтың қахарына ұшырап, халықтың қолынан қаза тапты. Қалайша?
Бүкілодақтық атқару комитетінің төрағасы Я.Свердлов, Қызыл армия мен теңіз флотының халық комиссары Л.Троцкий, қолдарынан келіп тұрғанда аянсын ба, елді арнаулы пойызбен аралайды екен де, пойыздарында сән-салтанатқа керектің бәрі болады екен. Сведлов сондай саяхатының бірінде, 1918-жылы наурыз айының 7-күні Орел қаласына тоқтайды. Тоқтамақ емес екен, бірақ тұрмыс титықтатқан теміржолшылар ереуіл жасап, келген пойыздарды вокзал шегінен шығармай қойыпты. «Көсемдігі» ұстаған Свердлов төрелік сөз айту үшін теміржолшылар тобына барады. Ал ызалы топ оны бассалып ұрып жығып, тепкілей бастайды. Төрағаның вагонда қалған күзетшілері көріп, жүгіріп жетеді, бірақ теміржолшылар оларды қолдарына не түссе, сонымен ұрып, бет қаратпайды. Таяқ жеген күзетшілер тобы ереуілші жұртты атқылауға кіріседі. Біржарым сағатқа созылған қақтығыста Свердлов жайына қалып, мұз жапқан алаңда ес-тұссыз жатады. Мәскеуге шалажансар жеткізіліп, қаншама емделсе де, бүкіл денесінің қабынуы қайтпай, бір жылдан соң о дүниеге кетіп тынды.
Совет Одағын, оның құрамында болған елімізді жайпап өткен 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туалы жазуда сыңаржақтылыққа ұрынудан сақтанған жөн болар.
(07. 04. 2019 ж.)
Фотосуреттер ашық ақпарат көздерінен алынды
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ