Жамбыл облысында шопан мал жаюға кетіп, бес күн бойы табылмаған

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Жамбыл облысында 2 мамырдан бері хабар-ошарсыз кеткен шопан аман-есен табылды. Бес күнге созылған ауқымды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым жердегі құмды өлкеге мал жаюға шығып, қайтып оралмаған.

«Шопан жоғалған жерінен 35 шақырым қашықтықта, көршілес шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылды. Құтқарушылар ер адаммен бірге адасқан малды да тапты», — деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Бес күнге созылған құтқару операциясының ауқымы өте үлкен болды. Шопанды іздеуге ТЖМ құтқарушылары мен полиция қызметкерлері және орман шаруашылығы мамандары жұмылдырылды.  Сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттары мен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның арнайы авиациясы көмекке келген.

Мамандардың айтуынша, табылған азаматтың жағдайы тұрақты, ол медициналық көмекке мұқтаж емес. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Африкадан келген жігіт әскерде борышын өтеп жүр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Карл &nd...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы университтерінің бірінде 1-курс студенті оқу корпусының тоғызыншы қабатынан секіріп, оқиға ор...