Сессияның қатысы жоқ: Алматыда студент университеттің 9-қабатынан құлап, көз жұмды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
616

Алматы университтерінің бірінде 1-курс студенті оқу корпусының тоғызыншы қабатынан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Abai University медиа орталығының жауабына сәйкес, марқұм «Философия» мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен бірінші курста оқыған.

Осы оқу жылы ішінде студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандардың қабылдауында болмаған. Оның психоэмоционалдық күйіне байланысты қандай да бір шағымдар немесе мазасыздық белгілері тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студенттің үлгерімі жақсы болған, тәртібіне қатысты ешқандай ескерту жасалмаған, — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ университет өкілдері сессияның бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін нақтылады. Оқу орнының басшылығы қаза тапқан студенттің отбасымен кездесіп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталым жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ер адам туған әкесін соққыға жықты деген күдікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада LRT жанынан патрон тауып алып, оны түсірілімге пайдаланбақшы болған 22 жастағы жігіттің б...