Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова 5 сәуірде жергілікті тұрғындармен еркін форматта кездесу өт...
Шымкентте Африкадан келген жігіт әскерде борышын өтеп жүр
Фото: видеодан скриншот
842
Шымкентте Африкадан келген жігіт әскерде борышын өтеп жүр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Карл – Ұлттық ұлан сапында ел тыныштығын күзеткен жас сарбаздардың бірі. Ол Африка құрлығындағы Буркина-Фасо мемлекетінде дүние келген. 25 жастағы жігіт ата-анасымен Алматы қаласында тұрады.
"Менің анам – қазақ. Балалық шағым Алматыда өтті. Достарым да қазақтар болды. Сондықтан Қазақстан – менің Отаным. Осы елге қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе", – деді Қатардағы жауынгер Карл Уэдраого.
Әскери бөлім ішінде Карлдың тәртіпке деген беріктігі мен жауапкершілігі бірден байқалады. Қызметіне деген адалдығы мен шынайы ықыласы оны тек қатарластарының арасында емес, бүкіл бөлім ішінде сыйлы жанға айналдырған.