Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді.С...
Қадыр түнінде не істеу керек?
Бүкіл күндердің және түндердің сұлтаны атанған қасиетті Қадір түні жақындап келеді. Ендеше бұл күні не істеуіміз керек, қандай амал жасап, құлшылықтың қай түрін арттырғанымыз дұрыс?
Қадыр кешінің уақыты: Күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.
Қадыр түнінде не істеу керек?
Біріншіден,
Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.
Екіншіден,
құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.
Үшіншіден,
діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.
Төртіншіден,
тәспі тартып, зікір салу керек.
Бесіншіден,
діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.
Алтыншыдан,
көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.
Жетіншіден,
мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс. Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.
Қадыр түнінің намазы.
Ниет:
Алла тағаланың ризалығы үшін ниет еттім Қадыр түнінің құрметіне осы намазды өтеуге, Аллаһу әкбар.
Бірінші рекіғатта:
1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Екінші рекіғатта:
1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.
Үшінші рекіғатта:
1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Төртінші рекіғатта:
1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.
Намаздан соң мына дұғаларды оқыған абзал.
1.Ықлас сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.
2.Қадыр сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
5.Астәғфируллуһ – 500 рет.
6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.
Құрметті мұсылман қауым, ұстаған оразаларымызды, оқыған тарауық намаздарымызды Алла Тағала қабыл етсін
Əмин!!!
Әлеуметтік желіден алынды