Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді.С...
Биылғы пітір садақаның мөлшері қанша?
Биыл пітір садақаның мөлшері жан басына шаққанда 300 теңге болып бекітілді. Қалталы азаматтар құрманың немесе ұнның бағасымен беруіне болады, деп мәлімдеді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми өкілі. Бұл туралы ОКҚ сілтеме жасап, madeniportal.kz хабарлайды.
«Жыл сайын Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылатын арнайы қайырымдылық акциялары бар. «Мұқтаждың мұңын бөліс!», «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» атты акциялардың аясында пітір садақадан түскен қаражатты комиссияның шешімімен көп балалы отбасыларға, жартылай жетімдерге, тұл жетімдерге, қараусыз қалған қарияларға, асыраушысы жоқ жас балаларға арнайы береміз. Сонымен қатар, әрбір әкімдіктің жанынан әкімдіктің қызметкерлері бізге ұсынған тізімдер бар. Сол тізім бойынша мұқтаж жандардың үйлеріне барып, табыстаймыз», - деді ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбаев.
Сонымен қатар, қаржы мешіттің коммуналдық шығындарына да жұмсалатынын айтып өтті.
Сондай-ақ, Ораза айт мерекесіне орай «Айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өткізіледі. Бірнеше жыл бойы қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл акциялар аясында қаламыздағы барлық құлшылық ордалары мұқтаж отбасыларға азық-түлік, ақшалай көмек көрсетіледі.