Димаш Құдайберген мен Ержан Максим «Муз-ТВ» кешінде ән шырқады

ЖАҢАЛЫҚТАР
4092

Әнші Димаш Құдайберген «Муз-ТВ 2019» сыйлығының кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

Кеш қонағы болғанын әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Муз-ТВ 2019» музыкалық сыйлығының шақырылған арнайы қонағы болдым», - деп жазды Димаш. 

«Біз оның дауысында емдік қасиет барын білдік. Осы сахнаға шынында да, бірегей вокалдық диапазоны бар адам шыққалы отыр. Оны Ресей ғана, Қытай, тіпті бүкіл әлем мойындады. Осы әншінің сахнамызда өнер көрсететініне қуаныштымыз. Димашпен бірге маэстро Игорь Крутой бір сахнада өнер көрсетеді», - деді әншіні таныстырған кеш жүргізушісі Максим Галкин.

Осыдан кейін сахнаға шыққан Димаш ресейлік композитор Игорь Крутойдың рояльде сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы...