Баспасөз хатшылары департамент директоры деңгейімен теңестірілмек

Жаңалықтар
2153

Қазақстанда баспасөз хатшыларының санаты департамент директоры деңгейімен теңестірілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. 

«Тағы бір маңызды бағыт - бұл мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы. Баспасөз қызметінің жұмысына үлкен назар аударылып отыр. Соңғы уақытта мемлекеттік органдар бірінші басшыларының баспасөз қызметтеріне қарым-қатынасы қатты өзгергендігін барлық жауапкершілікпен айта аламын», - деді ол жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңесте. 

Д.Абаевтың айтуынша, ендігі уақытта министрлер де, әкімдер де баспасөз хатшылардың жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын болған. 

«Бұл уақыт талабы.  Біз өз тарапымыздан жыл сайын баспасөз қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары мен семинарларын өткізіп, ең белсенді әрі сауатты баспасөз хатшыларды Astana Media week аясында ынталандырып отырамыз. Біз алғаш рет баспасөз хатшыларының мәртебесін БАҚ туралы заңда жаздық. Қазіргі уақытта баспасөз хатшысы санатын департамент директорына дейін көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...