Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын сынға алд...
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде ант беріп, лауазымына кірісті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Атап айтқанда, ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.
Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.
Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.