Қатты жел, көктайғақ: Демалыс күні ауа райы қандай болады

Фото: freepik.com

АЙМАҚТАР
966

«Қазгидромет» хабарлауынша жексенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, елдің бес өңірінде өте қатты жел соғады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бес өңірде желдің екпіні секундына 30 метрден және одан да көп болады. Бұл – аса қауіпті метеорологиялық құбылыс.

Желдің аса күшті соғуы күтілетін облыстар:

  • Батыс Қазақстан облысы
  • Атырау облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Қостанай облысы 

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, негізінен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және қарлы боран күтіледі.

Жүргізушілер мен тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты аса сақ болу ұсынылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...