Ақтөбеде ер адам үшінші рет есірткіге масаң күйде көлік басқарып, заң бұзған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1183

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды.

"Жеке басын тексеру кезінде ол 2023 жылы осындай күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылғаны белгілі болды", - дейді облыстық полиция.

Тыйымға қарамастан 2024 жылы сол әрекетін қайталап, сот шешімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған.

Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...