Елдос Рамазанов Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымын қабылдады

ТЕАТР
1523

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымын қабылдады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысушы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысы Арман Темірбек пен көркемдік жетекші Ерлік Жуасбекпен арнайы сұхбаттасып, театрдың 30-жылдық мерейтойларымен құттықтады.

- Сіздердің жетістіктеріңіз бәрімізге аян. 30-жылдық мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, театрдың алдағы уақытта алар шыңы әлі алда деп сенетінімізді жеткізгім келеді. Барша ұжымға шығармашылық табыстар тілей отырып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ерекше ықыласын қабыл алыңыздар, - деді вице-министр Елдос Мұратұлы. Маусым айының 15-і жұлдызында Vll халықаралық "Самғау" фестиваліне қатысатын ұжым Ертіс-Баян өңірі атынан К.Гольдонидің "Венециялық егіздер" /реж.:Б.Шамбетов/ комедиясымен қатыспақ.- Барлық театр ұжымы атынан сіздердің осындай жылы қабылдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңызға алғысымызды білдіремін. Сіздердің демеулеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында театр көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып жоғары орындардан көрініп келеді. Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуында өнер, мәдениет саласының орны ерек. Бәріміз де бір саланың адамдары болғандықтан қолдап, ерекше ықылас танытқандарыңызға тағы да алғыс айта отырып жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры директоры Арман Темірбек.

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...