ҚР Оқу-ағарту министрлігі және USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен 24-26 ақпан аралығында Әл-...
Көмірден крем жасауды қолға алған Қуаныш
Қуаныш Тастамбек – биотехнология, медициналық биотехнология, экологиялық микробиология сынды бағыттарды зерттеген жас ғалым. Мұнаймен ластанған аудандарды биотехнологиялық әдіспен тазарту жолын ойлап тауып, көмірді микроорганизмдермен байыту арқылы биогумус пен биобайланыстырушы өндірген. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін Италияда халықаралық конференцияда қорғап, Ресей Федерациясының жас ғалымдарға арналған қысқы мектептің жеңімпазы, «Posko» Оңтүстік Корея Республикасының стипендиаты.
Екі ай қалғанда биологияны таңдадым
Интернетті, компютерді меңгермеген, ағылшын, орыс тілін білмейтін ортадан шықтым. Мектеп бітіруіме екі ай қалған кезде биология мамандығын таңдап, аз уақыт ішіндегі тынымсыз дайындық пен ұстаздарымның арқасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биотехнология мамандығына түстім. Биотехнология – қарқынды дамып келе жатқан өте тиімді сала. Егер оны өз дәрежесінде меңгерсеңіз көп мүмкіндікке жол ашуға болады.
Жоғарғы оқу орнынының табалдырығын аттағаннан кейін эдвайзерім мені зертханадағы көмекшісі ретінде таңдап алды. Артынша табандылығымның арқасында Жұбанова Ажар Ахметқызына таныстырып, бірінші курсымда штатқа жұмысқа орналастым. Сол сәттен бастап, ғылымға деген қызығушылығым артты. Ажар Ахметқызы секілді тәжірибелі мамандардың бағыт-бағдар сітеуінің арқасында жаңа көзқарас пайда болы.
Әрбір тәжірибе – уақытқа тәуелді
Қазіргі таңда гендік тұрғыда жұмыс атқаратын ғалымдар тапшы. Заман адамның өмір жасын ұзартатын, түрлі генетикалық ауыруларды емдеп, гендегі ақпартаттарды реттей алатын, кибертехнологияға бейім, робототехникаға қызығатын ғалымдарды талап етеді. Бүгінде ғылыммен айналысқысы келетін білікті мамандарға барлық жағдай жасалған. Білім және Ғылым министірлігі қаржыландыруының арқасында әртүрлі зерттеуге арналған техникаға қолымыз жетіп отыр. Бұрын шетелде алған тәжірибенің көбін елге келіп қолдануға мүмкіндік болмайтын. Қазір олай деп айтуға негіз жоқ. Өзге мемлекеттердің барлығы ғылым саласын алдыңғы қатарға қойған. Мамандарының сыртқа кетіп қалмауын қадағалап, жақсы жағдай жасап отыр. Ішкі өнім көрсеткіші өте жоғарғы деңгейде. Ал бізде Қазақстандық пайыздық көрсеткіш 2-3% ғана көрсетіп отырғаны өкінішті.
Медициналық биотехнология
Котальпа өсімдігінің сығындысынан іріңді жараға жақпа майы мен, сулы консентратты емдік препарат жасау идеясын қолға алдық. Алдын ала тәжірибені егеуқұйрықтарға жүргіздік. Жан-жақты талдау жасай отырып, біздің препарат 16 тәулікте толығымен емдейтінін анықтадық.
Мұнаймен ластанған топырақты тазарту
Ең алғашқы жұмысым Батыс өңіріндегі мұнаймен ластанған топырақтарды биотехнологиялық әдістер арқылы тазарту болатын. Тазарту жұмысына дейін ластану деңгейін, жануарларға, өсімдіктерге, қоршаған ортаға әсерін анықтайтын биоманиторинг жүргіздік. Қазіргі таңда бұл өте тиімді әдіс болып табылады. Оны биологиялық, химиялық және физикалық жолмен да тазартуға болады. Химиялық қоспаларды себу арқылы мұнайдан тазартамыз деп химиялық қоспаны көбейтеміз. Жерде тіршілік ететін түрлі микроорганизмдер жойылады. Физикалық жолмен ластанған топырақты алып үйінді қылып жинап тастауға болады немесе жандырып жіберуге болады. Алайда бұл жағдайда тазару жұмысы жүрмейді. Ал биотехнолгиялық әдістер арқылы тазарту кезінде фиторемидияция, биоремидияция жүзеге асады. Биоремидияция – микроорганизмдер арқылы органикалық заттарды ыдырату. Мұнай органикалық зат, сол жерге микроағзалардың биомассасын көбейтіп, сеуіп, мұнайды ыдыратып, тазартады. Бұл өте тиміді әрі ешқандай кері әсері жоқ. Қазір барлық дамыған мемлекет осы әдістерді алға қоюда.
Көмірден биогумус алу
Қазақстан көмірге өте бай. Менделеев кестесінде кездесетін элементтердің 80-90% бізде кездеседі. Соның ішінде көмірді атап айтуға болады. Көмірдің әртүрлі кластары бар. Б3 деген таскөмірдің қатты, жанбайтын түрі болады. Оны көп жағдайда бір жаққа бөлек жинап, қажет қылмай жатады. Өйткені, іске жарамсыз. Біз соны биотехнологиялық әдістер арқылы микроорганизмдерден биогумус жасауға, түтіндігі мен күлділігі аз брикеттер дайындауды жөн көрдік. Ғылыми жетекшім Әкімбеков Нұралы Шардарбекұлымен бірлесіп осыны іске асыруды жөн көрдік. Басты мақсатымыз Қазақстанда жарамсыз тұрған көмірді пайдалану, пайдаға асыру. Қалдықсыз технология деген осы. Бұл жұмыстар бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жылыжайында салатқа қосатын, укроп, капуста сынды өсімдіктерді өсіру үшін тыңайтқыш ретінде биогумусты қолданып жатырмыз.
Брикет жасау
Қоңыр көмірдің екінші бағыты микроорганизм топтары бар, түтіні төмен, В3 тобына жататын элементтердің барлығын ыдыратып, өзі соны жей отырып биобайланыстырушы заттарды өндіреді. Түтіні мен күлі аз брекет жасауда қолданатын микрорганизмдер екі түрі бар. Бірі арнайы көмірдің өзінен бөлініп алынады, ал екіншісі соны ыдырататын микроорганизмдер ішінен алынады. Солардың негізінде каминде түтіні шықпай шоқ болып тұратын, тез жанып кетпейтін көмірді брикеттеп жасап отырмыз. Ол тасымалдауға ыңғайлы. Біздің жұдырығымыздай көлемде болады.
Жаңа өнім жасауды қолға алдық
Қазіргі таңда жұмыс 50 пайыз ғана орындалды. Ақпан, наурыз, сәуір айларында Қытай Халық республикасына барып, тәжірибе жасап тексеріп қайттық. Көмір арқылы бетке крем жасау жұмыстарын қолға алатын ойымыз бар. Болашақта беттегі артық майларды өз бойына сіңіру жұмыстарын атқаратын, көмірден кремді өндіріске дайындайтын боламыз.
Дана РУСЛАНҚЫЗЫ