«SEMSER» әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды (фото)

ӘДЕБИЕТ
4039


Биылғы «Жастар жылына» арнап «Мәдениет порталы» жастар арасында республикалық «Семсер» әдеби байқауын жариялаған болатын. Байқау ережесіне сәйкес онлайн түрде өткен бәйгеге еліміздің түкпір - түкпірінен 300-ден астам шығарма түскен. Солардың ішінен 220-дан астам жас қаламгердің шығармалары талапқа сай деп танылып, порталда жарияланған. Байқау әдеби ортада үлкен резонас тудырып, 45 жасқа дейінгі қаламгерлер арасынан өзіндік стилін қалыптастырған, өз оқырманы бар танымал ақын-жазушылармен қоса, әдебиет айдынына енді қанат қаққан жас таланттар да бақтарын сынады. Оқырманның үздіксіз жүрген онлайн-дауыстары ескеріле отырып, қазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Арасында жаңа есімдер де көрініп жатты.

Конкурстың Бас демеушісі жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатқан, табиғи ресурстарды өндіру, энергетика, логистика және маркетинг салаларында әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы.

Салтанатты кешке ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Алдан Смайыл, жазушы-философ, белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім, Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының лауреаты, жазушы Несіп Жүнісбаев, ақын Сұраған Рахметұлы, жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Бауыржан Қарағызұлы т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Гран-При белгілі ақын Ақберен Елгезекке беріді. Сонымен қатар Бас демеуші - ERG компаниясының өкілдері сақтардан қалған ақ семсер де табыс етті. 

Үздік проза атылымына қазылар алқасының шешімі бойынша Нұрлан Хавдай мен Қанат Тілеухан лайық деп табылды. 

Үздік поэзия аталымында Марлен Мәлікұлы мен Қуаныш Оспан жеңімпаз атанды. 

Сондай-ақ, Үздік сын аталымы бойынша Айнұр Найманбай мен Бағашар Тұрсынбай лауреат болды. 

Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде мен «Semser» әдеби сыйлығы Олжас Қасымға, Саттар Ерубаев атындағы арнайы жүлде мен мен «Semser» әдеби сыйлығы Мирас МұқашқаСағат Әшімбаев атындағы арнайы жүлде мен «Semser» әдеби сыйлығы Тұрсынбек Башарға  тапсырылды. 

Бұдан бөлек «Мәдениет порталы өз атынан арнайы жүлделермен жас қаламгер Айсұлу Әлмаш-Жолтайқызын және «Ұлттық ой-сананы типажда бейнелеудегі суреткерлік шешім» атты сын мақаласы үшін Досбол Исламды, ең көп оқылған автор ретінде Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықпен Ақмарал Талпақованы марапаттады. 

Айта кету керек, жеңімпаздар онлайн түрде оқырмандардың дауыс беруі арқылы іріктеліп, содан кейін қазылар алқасының талқылауы бойынша орын иелендірілді. Қазылар алқасының құрамында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Алдан Смайыл, жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, "Дарын" сыйлығының иегері, жазушы-журналист Назира Байырбек, Нұр-Сұлтан қалалық Жазушылар одағы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы болды. 


madeniportal.kz



Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...