Оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1825

Тақтада тапсырма орындап тұрған оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Математика пәнінің мұғалімі қызметтік тексеруге дейін жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Павлодар облысының білім басқармасы мәлімдеді. 

«Білім бөлімі жүргізген қосымша бағалау негізінде, Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мамандары мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға береді», деп хабарлады білім басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұғалімнің жұмыста қалу, қалмауы тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ал оған дейін мұғалім қызметін жалғастырады. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...