6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2440

Бүгін еліміздің солтүстігі мен орталығында боран соғады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Синоптиктердің болжауынша, 6 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік шығыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында, шығысында жоғары қысымды өріске байланысты күн ашық болады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік шығыста, солтүстікте жел күшейеді, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғады.

Астанада күн ала бұлтты, аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы -3-5°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 3-8м/с.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...