"Аңызфильм" студиясы биыл жарыққа шығып, көрерменнің жоғары бағасын алған "Мұзбалақ&q...
«Шалбарды бекер киіп жүрген жоқ шығарсыз, әкім мырза?»: Арман Шораев Архимедке талап қойды (ВИДЕО)
Шораев 100 мың қазақ мекен еткен Қостанайда небәрі 1 ғана мемлекеттік тілде оқытатын мектеп бар екенін айтты.
«Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке видео-үндеу жасап, қазақ мектебін көбейтуді талап етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Шораев 100 мың қазақ мекен еткен Қостанайда небәрі 1 ғана мемлекеттік тілде оқытатын мектеп бар екенін айтты.
«Біздің тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл. Содан бері 1 ғана мектеп бар екен. Ескірген соң сол мектеп жабылғалы тұр екен. Бұл не сұмдық? Қазіргі сол облыстың әкімі Архимед мырза, намысыңыз қайда? Шалбарды бекер киіп жүрген жоқ шығарсыз? Қазақ азаматысыз ғой. Енді шұғыл түрде шара қолдануыңызды сұраймын. 1 мектеп емес, 10, 20 мектеп болуы керек деп талап етемін», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебінің мәселесін шешуді тапсырған болатын.