Ақшаларың тек осыған жетті (Әзіл миниатюра)

ӘДЕБИЕТ
1723

Бір жолы базарда жүріп, теңгеден айнымай жасалған банкноттарды көріп қалдым. Сосын он мыңдықтың екеуін, ұлдарыма ойнасын деп ала салдым. Үйге келген соң, не істер екен деп,бірі сегіздегі, бірі он жастағы ұлдарыма "Мә ақша, дүкенге барыңдар"деп ұстаттым. Әуелде екеуі де қуана шап бергенмен, ақшаның шын емес екенін байқап, аз уақыт ұстап жүрді де, лақтырып кетті. 

Мен де гаражға машина жөндеуге кеттім. Бір уақтан соң үйге келсем,көрші ұл бар, үшеуі орталарында чипси, кока-коласасы бар. Бөгіп отыр екен. "Ақшаны қайдан алдыңдар"деп едім. Кіші ұл "Көке, манағы сен берген он мыңдықты алып, досым екеуміз дүкендерді араладық. Көрші дүкен де, жолдың арғы бетіндегі дүкен де, ақшаларың өтірік ақша деп қайтып берді. Сосын әріректегі "Дарьяға" барып едік. Ондағы әже, екі чипси, екі кока-кола, екі балмұздақ берді. Қалған "сдачаны"сұрап едік. Болды. Ақшаларың тек осыған жетті деп,"сдача" қайтарған жоқ"дейді... 

Не дерімді білмей сасып қалдым. Сосын үлкен кісіні неге алдайсыңдар? Ұят болды ғой. Қане не алдыңдар есептейін"деп, шамасын есептесем, мың жарым теңгедей сауда жасаған екен. "Екіншілей олай жасамаңдар,қазір ақшасын апарып берем"дедім де, дүкенге келе жатып ойландым. Апыр-ай, шынымен дұрыс ақша апарса, ана үлкен кісі балаларды жеп қалмақшы болды-ау. Ендеше мен неге өз бидайын өзіне қуырып бермеймін-дедім де, дүкеннің алдынан кейін қайтып кеттім...

Екі күннен кейін, есімнен кетпей қойған соң,қой ұят болар деп, ақшасын апарып бермекші болып барсам. Ол адамдар кетіп қалып, басқа біреулер арендаға алып жатыр екен...

Мәлік Орақ

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...