«Elorda Aqparat» ұжымына жаңа директор тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ
1612

Осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов «Elorda Aqparat» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.


Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Nur Otan» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

Саяси ғылымдар магистрі, «Алаш айнасы», «Жас қазақ» республикалық газеттерінде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шеф-редакторы және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...