Халықаралық Старнджа кубогінде қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуін өткізді.92 келіде...
М.Беспаев Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқыды (видео)
8697
Желіде Мейрамбек Бесбаевтың поэзиядан үзінді оқыған видеосы тарап кетті. Өнер иесінің әсерлі бейнежазбасы мен даусы көпшілікті тебірентіп, ерекше күйге түсірген.
Бесбаевтың видеосын Instagram желісінде Қайрат Нұртас жариялаған.
Қалың көпшілік ерекше әрі қайталанбас дауыс иесінің бұл өнеріне тәнті болып, оған оң пікірлерін қарша жаудырды.
"Мына өлең күшті екен" , "Мейрамбек, шіркін, әсерлі етіп жеткізеді" , "Ағамыз мықты, жүректен-жүрекке", "Даусы қандай керемет" , "Ерекше ғой бұл кісінің даусы" , "Керемет қазақтың құнды сөздері санаңды оятады", "Керемет оқу, жанебірентерлік", - деп жазды желідегілер.
Жүргенім-ай
ештеңені, ешкімді сағына алмай
(сағынышсыз тірліктің мәні қандай?!).
Жүрегімде жараның табы бардай.
Қайда кеткен көңілдің бұлаң шағы
бір құласа құлайтын жаны қалмай?
Енді бүгін құба жон, құла түзде
иесіз қалған үйдеймін шамы жанбай.
Өліп-өшкен әйелін, еркектерін
(сезе тұра сезімін, селт етпедім)
жақсы көргім келіп-ақ шын ниетпен
жанұшырып, жүректі жентектедім.
Кешпегендей сергелдең күйді бастан
(қалай сонау күндерден мен шеттедім?)
елемеймін сезімін, шен-шекпенін.
Тірлігімде
талай сөндім, қайтадан тағы атылдым,
тылсым-нәрін тамсадым қара түннің.
Күлге айналар сәтімде ұшқындатты
менің сансыз жанашыр аға, құрбым,
сол ниеттен қуат ап таң атырдым.
Күйіп-жанып күй кештім, тұрғандай-ақ
қақ үстінде қалтылдақ қара қылдың.
Сонда маған, сағыныш, ара тұрдың.
Енді неге мына мен салқын, сұрғылт
бір әлемге айналып баратырмын?
1985
Фариза Оңғарсынова