Көкшетауда мәдениет колледжінің жаңа оқу корпусы ашылды

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1886

Көкшетауда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жаңа оқу корпусы ашылды. Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, білім ордасына 30 миллион теңгенің сертификатын тарту етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шарада аймақ басшысы Ермек Маржықпаев колледж маңына орнатылған Ақан сері ескерткішіне гүл шоғын  қойды. «Мемлекетіміздің білім беру саясатындағы басты бағыт экономиканың жетекші салалары үшін мамандар даярлау болып табылады. Жаңа оқу корпусының ашылуы -  баршамыз үшін маңызды оқиға. Бұл елімізде білім мен мәдениетке баса назар аударылып отырғанын көрсетеді», – деді өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде. 

Облыста «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 10 колледждің материалдық-техникалық базасы жақсартылады. Заманауи оқыту жабдықтарын сатып алуға 30 миллион теңгенің сертификатын тапсырған аймақ басшысы колледж ұжымына студенттерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданатынына сенім білдірді. Колледждің жаңа ғимаратында заманауи кең оқу аудиториялары, 240 орындық 2 мәжіліс залы, кітапхана, асхана, спорт және тренажер, хореография залдары, спорт алаңы бар. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша аталмыш медениет колледжі республикамыздың мәдениет және өнер саласындағы оқу орындары арасында үздік деп танылды. Оның түлектері сұранысқа ие және мамандықтары бойынша Қазақстанның әр өңірлерінде, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде жұмыс істеуді. Бұдан бөлек,  аймақ басшысы Көкшетау қалалық әдебиет және өнер музейін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. 

«Мердігерлер жұмысқа шілде айында кіріскен. Қазіргі уақытта демонтаж толық жүргізілді. Қараша айына дейін ғимараттың қасбетін декаративтік материал - травертинмен әрлеу, ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Заман талабына сай экспозициялық залдарды реконструкциялау да жоспарда бар. Жобаның тұжырымдамасы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтымен келісілген», – дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Жаңалықтар

Павлодар облысы Майқайың ауданында ағайынды бауырларды зорлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл турады...