«Ауылым – алтын тұғырым» конкурсы «Мәдениет порталында» өтеді

ӘДЕБИЕТ
4459

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Мәдениет порталы» бірлесіп «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсын жариялайды. Конкурс 2019 жылдың 20 қыркүйегі мен 2020 жылдың 15 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған.

Конкурс ашық түрде, барлық әдебиет сүйер қауымның көз алдында өтеді. Әдеби байқауға қатысқысы келетін 17-45 жас аралығындағы кез келген қаламгер өз шығармасын «Мәдениет порталына» онлайн түрде өз қолымен тіркеу мүмкіндігі қарастырылған. Конкурстың басқа да шарттарын «Мәдениет порталындағы» Ережесінен оқып алуға болады

Конкурстың қорытындысы бойынша проза, поэзия және драматургия аталымдарының жеңімпаздары арасынан «Алтын тұғыр» әдеби сыйлығының иегері таңдалып алынады. 

Сонымен қатар, барлық жүлделі орындарға қомақты қаржы тігілген. Тағы 10 қаламгерге арнайы жүлделер де қарастырылған.  

Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның іш...

Жаңалықтар

  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – б...