«Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» марафоны өз жалғасын табуда

Жаңалықтар
2625

Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай бастау алған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны өз жалғасын табу үстінде. Қамқор азаматтар, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері және ұйымдар азық-түлік пакеттерін соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері мен көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізеді. Аталмыш марафонды жалғастыру үшін Қазақстанның мәдени астанасы Алматы қаласында Долкунтай Абдулхалилдің көмегімен "Қайырымдылық керуені: 30 игі іс" марафоны аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ҚХА еріктілері фашистік концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары болған соғыс және еңбек ардагерлеріне барды.

Аталмыш акцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Юрий Ли мен Вакиль Набиев те қатысты. Сондай-ақ, "Жарасым" республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев пен Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайраев еріктілер қатарында болды.

Соғыс зұлматын бастан өткенген ардагерлер соғыс туралы, бала кездерінде бастан кешкендері мен өз елін қалай дамытып, қалай жұмыс істегендері жайлы естеліктерімен бөлісті. Мұнымен қоса, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсетіп келе жатқан ардагерлердің қазіргі тұрмыстық жағдайы жөнінде де бірқатар мәселелер тыңдалды.

Акцияға Қарулы күштердің ардагері Владимир Денисюктің үйіне кіріп, хәл-жағдайын сұраудан басталды. Соғыс кезінде ол анасынан айырылып, фашистік концлагерьлерден өткені жайлы баяндап берді. Соғыстан кейін Владимир Михайлович танк училищесіне оқуға түсіп, 50-ші жылдары Қазақстанға көшіп келген. Содан бері республика оның жаңа отанына айналды. Ол бүкіл өмірін армияға арнады, полковник дәрежесіне дейін көтерілді, бүгінде ардагердің сіңірген еңбегі туралы оның әскери кительдегі марапаттары, ордендері мен медальдарынан-ақ білуге болады.

Акцияға барысында еріктілер шаңырағына бас сұққан бір ардагер - Борис Радоман. Бала кезінде Литвадағы концлагерьлерге түскен ардагердің бүкіл отбасы үш лагерьден өткен. Концлагерден аман-есен шыққаннан кейін Владимир Михайлович сынды Борис Радомон да өзін әскери жолға арнады. Эфиопиядағы соғыс қимылдарына қатысты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ардагер ұзақ уақыт оқу орындарында сабақ берді, әскери ғылым бойынша оқулықтар жазуды әлі күнге дейін жалғастыру үстінде.

- Біз көп нәрсені бастан өткердік, соғыстан кейінгі жылдар да күрделі болды. Бірақ біздің бірлігіміз бен достығымыз бәрін құтқарды. Мен мұны әрдайым оқушыларыма, жас әскери қызметкерлерге  айтып отырамын , — дейді Борис Васильевич қонақтарына.

Бүгінде Алматы қаласында фашизм және сол уақыттағы концлагерьлердің куәгері болып табылатын 35 адам тұрады. Жас ерекшелігіне қарай ардагерлер жүріп-тұруы шектеулі, сондықтан ҚХА бастамасы бойынша аға буын өкілдеріне азық-түліктер әкелінді.

Бұдан бөлек, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Орал қаласындағы табыс кірісі аз, көпбалалы 150 жанұя азық-түлік себетімен қамтамасыз етілді. Алғыс айту күнінде жолға шыққан қайырымдылық керуені Орал қаласындағы Достық үйінен бастау алды. 

- 1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 26 жыл болса, сондай-ақ Алғыс айту күнінің бес жылдық тарихы бар. Соған орай БҚО ҚХА жоспарланған шаралары басталды.   "30 игі іс" республикалық қайырымдылық шарасы аясында өңірдегі көпбалалы, табыс кірісі аз 150 жанұяға азық-түлік себеті табылталмақ. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін жанұялардың тізімін Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алдық. Қайырымдылық керуенін облыстық ҚХА-ның этномәдени брлестік өкілдері мен "Қоғамдық келісім" мекемесі, сондай-ақ "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы мен еріктілер ұйымдастырылып отыр. БҚО ТЖД азық-түлік себеттерінен тасымалдайтын көліктер бөлді, -дейді "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Медхат Қамбетов. 

Сондай-ақ Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қаланы тазартумен айналысатын азаматтарға ыстық шай мен бәліш ұсынылды.

- Осы акция арқылы біз қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға жылылық сыйлауды көздедік. Осындай шаралар арқылы біз айналамызға достық атмосфераны қалыптастырып, бір-бірімізге қамқор болуға үгіттейміз, - деді облыстық ҚХА волонтері Артём Кошман.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында ШҚО этномәдени бірлестіктерінің мүшелері аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуда екенін де айта кеткеніміз жөн. Осы жылдың басынан бері ШҚО Достық үйі 10 млн теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсеткен. 

- Біз игі істерімізбен жастарды мейірімге тәрбиелегіміз келеді. Олар үшін үлгі бола білуіміз керек. Сондықтан армян мәдени орталығы барлық қайырымдылық акцияларды қолдайды, - деді армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Степанян Анушаван.

Мұнымен бірге Маңғыстау облысында да Достық үйінің ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шараға ҚХА ЗТБ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы және шешен — ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Джамбулат Тангиев қатысты, ол сондай-ақ Достық үйінің аумағында көшет отырғызған еңбекшілерге дастархан ұсынды.

Еске сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» марафонын бастаған болатын. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Зәкіржан Кузиев:

- Біз Ассамблеяның қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырудамыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Ассамблея бүгін «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонын бастады. Бұл жобаның мақсаты – өзара көмек құндылықтарын насихаттау, қайырымдылық мәдениетіне тәрбиелеу, волонтерлікті дамыту. Қайырымдылық марафоны аясында 2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар шара өткізу жоспарланған, - деген болатын.

Заман Төлеуов,

"Мәдениет порталы"

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...