Ақтоты Райымқұлова Селени Мэтьюспен не үшін кездесті?

Жаңалықтар
2189

Бүгін  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  АҚШ-тың Дж.Вашингтон университеті жанындағы Халықаралық туризм институтының директоры Селени Мэтьюспен кездесті. Кездесуге ҚР мәдениет және спорт вице министрі Нұрғиса Дәуешов, ҚР мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Гүлзат Жуаспаева, еліміздегі Туризм және қонақжайлық университетінің ректоры Майнюра Мырзамадиева қатысты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды өткізудің мақсаты- отандық туристік индустрияны дамытуға жан-жақты (әдістемелік-консультациялық) қолдау көрсету. ҚР Мәдениет және спорт министрімен кездесу кезінде  отандық туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Шара барысында ғылыми байланыс, жаңадан құрылған Туризм және қонақжайлылық университетін дамытуға үлес қосу сияқты тақырыптар да қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Туризм және қонақжайлылық университеті мен Дж.Вашингтон университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға уағдаласты.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...